2026 жылғы 19 мамырда сағат 18.00-де Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Барлығы 7 кандидат ұсынылды, барлығы 7 (100 %) - өзін-өзі ұсынуымен.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2026 жылғы 24 мамырда сағат 18.00-де аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.