Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қызылсуат ауылдық округінде орналасқан, нысаналы мақсаты — ауыл шаруашылығын жүргізу үшін, ауданы 90,8000 га құрайтын, кадастрлық нөмірі 01-011-045-2347 «Корпорация «Altyn Invest» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі жер учаскесінің 5,0 га бөлігін мемлекет мұқтажы үшін, атап айтқанда, №3 автоматтандырылған газ тарату станциясын, кран торабын және тазалау құрылғысын қабылдау торабын салу үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1) Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығы туралы» Заңына сәйкес заңды түрде жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескертулерге мемлекеттік тіркеу жүргізсін;
2) осы қаулының жарияланған күнінен бастап күнтізбелік үш күн мерзім ішінде жер учаскелерінің иесі немесе міндетті түрде жер пайдаланушысы алдым деген ескертпе алынуымен пошта арқылы жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін қолданыстан алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама жіберілсін;
3) мемлекеттік қажеттіліктер үшін учаскелерін алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы жария тәртібі сақталсын.
- Меншік иесі немесе жер пайдаланушының келісім тәртібін жүзеге асыруына жолығу орны Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34 «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып анықталсын.
- Осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Ж. Т. Толкынбекке жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және қабылданған кезінен бастап үш күн мерзім ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануына жатады.
Целиноград ауданының әкімі Д. Сабырғали