ЖОБА
Үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармақтарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Целиноград аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық қандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
- Целиноград ауданы әкімдігінің «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» 2021 жылғы 29 маусымдағы № А-3/213 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23295 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын Целиноград ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград ауданының әкімі Д.Сабырғали
«КЕЛІСІЛДІ»
Целиноград аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясы
Айткужина А. А. ______