
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өз сайлау учаскесін алдын-ала біле алады.
GOV.KZ платформасында өз сайлау учаскесінің нөмірі мен орналасқан мекенжайын білуге мүмкіндік беретін онлайн-сервис іске қосылды.
Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін бір мезетте үш сервис әзірленді. Көрсетілген гиперсілтемелердің кез-келгеніне өту арқылы сайлаушы өзінің өңірін таңдап, ЖСН енгізіп, сайлау учаскесінің нөмірін, сондай-ақ оның мекенжайын біле алады.
- https://www.gov.kz/sailau?lang=kk
- https://sailau2026.gov.kz/kk
Сонымен қатар, өзінің сайлау учаскесін іздеуге арналған онлайн-сервис eGov Mobile қосымшасының «Танымал қызметтер» бөлімінде де қолжетімді.
Аталған сервистерді QR-кодтарды сканерлеу арқылы да пайдалануға болады.
gov.kz/sailau sailau.gov.kz sailau2026.gov.kz

📌❓Өзекті сұрақтарға түсінікті жауаптар: ОСК сайтында «SAILAU AI» ЖИ-көмекшісі қолжетімді
🔹«Үйден дауыс беруге қалай болады?», «Есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?», «Егер сайлаушылар тізімінде болмасаңыз, не істеу керек?» деген және басқа да сұрақтарға Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында қолжетімді Sailau AI ЖИ-көмекшінің көмегімен оңай жауап алуға болады.
🔹ИИ-көмекші мемлекеттік және орыс тілдерінде тәулік бойы, аптасына 7 күн ақпарат ұсынады.
Ол AlemLLM тілдік моделі негізінде әзірленген.
🔹ИИ-көмекші Қазақстан Республикасының Конституциясы, конституциялық заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша ақпаратты іздеуге және ұсынуға арналған.
🔹Sailau AI көмекшісін Telegram мессенджерінен де табуға болады.
Ұсынылатын жауаптардың сапасы мен дәлдігін арттыру мақсатында қазіргі уақытта ассистентті кезең-кезеңімен қосымша жетілдіру жұмыстары қатар жүргізілуде.
Телеграмм-ботта сайлау учаскесін іздеу сервисі
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлауы өтеді.
Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімінде өзін тексеруге, сондай-ақ өз учаскесінің нөмірі мен мекенжайын нақтылауға болатын Телеграмм-Ботта (Sailau_Aqmo_bot) сайлау учаскесін іздеу сервисі құрылды.
Ақмола облысының тұрғындарын белсенді азаматтық ұстанымын білдіруге және Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысуға шақырамыз!