

Целиноград ауданында 21 мемлекеттік мәдениет нысаны, 14 кітапхана, балаларға арналған коворкинг орталығы және тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді.
«Дипломмен ауылға!» бағдарламамен ауданға 6 жас маман келді.
2024 жылы 8 128 іс-шара өткізіліп, оған 691 202 адам қатысты.
Мәдениет қызметкерлері аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі түрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысты.
«Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024» атты халықаралық іс-шараларға қатысты.
Жыл бойы барлық жоспарланған мерекелік іс-шаралар, концерттер мен театрландырылған қойылымдар мен ауданның жаңа нысандарының ашылуы өткізілді.
«24KZ», «Atameken business», «Домбыра TV», «Абай TV», «Балапан», «Хабар» телеарналардың түсірілімдері өтті.
Қатысушылар саны 3 158 адамнан тұратын 233 үйірме мен клуб құрылымдары жұмыс істейді. Барлық үйірмелерде сабақтар тегін өткізіледі.
9 ұжымның «Халық» атағы және 2 ұжымның «Үлгілі» атағы бар.
Ансамбльдер мен солистер байқауларға белсене қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. 2024 жылы 102 байқауға қатысып, оның ішінде 4 облыстық, 47 республикалық және 51 халықаралық. Қатысу нәтижелері бойынша 30 Бас жүлде және 71 лауреат (1, 2, 3 орын) иеленді.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы «Мәдениет саласының үздігі» атағына ие болды.
Жыл сайынғы облыстық «Жыл үздігі» байқауының қорытындысы бойынша Руслан Жапаров «Үздік аудандық мәдениет үйінің қызметкері» атағын, ал Қабанбай батыр ауылдық мәдениет үйі жыл сайынғы облыстық «Үздік ауылдық клуб» байқауында «Мәдениет пен Өркенет Ордасы» номинациясын жеңіп алды.
Нұресіл ауылдық клубында жөндеу жұмыстары аяқталды.
«Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Жаңаесіл ауылдық клубының күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Обыстық бюджеттен берілген 10 млн. теңгеге музыкалық аппаратура алынды. Атап айтқанда Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Ақмол, Жалғызқұдық және Тасты ауылы.
Астаналық агломерация бойынша 8 ауылдық клуб салу жоспарға енді. Олар Ақмол, Қажымұқан, Қараөткел, Қоянды, Талапкер, Арайлы, Р. Қошқарбаева, Қызылсуат.
Ақмол, Қажымұқан, Арайлы, Р.Қошқарбаева, Қызылсуат ауылдарында жер учаскелері бөлініп, ресімдеу жұмыстары жүргізілуде.
3 нысан бойынша Целиноград ауданының құрылыс бөлімі Қараөткел, Қоянды және Талапкер ауылдарында мәдениет үйлерінің ЖСҚ – құрылысын әзірлеуде. Орындалу мерзімі 2028 жылғы 4 тоқсан.
3 нысан бойынша Целиноград ауданының құрылыс бөлімі ЖСҚ әзірлеуде. Олар Қараөткел, Қоянды және Талапкер. Орындалу мерзімі 2028 жылғы 4 тоқсан.
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Целиноград кітапхана жүйесінің құрамында: 1 орталық аудандық кітапхана және 13 ауылдық кітапханалары бар.
2 кітапхана «модельдік» мәртебесіне ие. Олар:Родина ауылдық модельдік кітапханасы және Нұресіл ауылдық модельдік кітапханасы.
2024 жылғы 1 желтоқсанда 14 кітапхананың кітап қоры -161212 дананы құрайды.
ҚР Президенті Қ.Тоқаевың атынан «Ауылдық кітапханаларға кітап 100» акциясы бойынша Родина модельді ауылдық кітапханасы мен Орталық аудандық кітапханаға жаңа туындылар келіп түсті.
Жергілікті бюджеттен 1586 дана кітап сатып алынды
Тіл оқыту орталығы
Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өңірдегі мемлекеттік мекемелердің қызметшілеріне мемлекеттік тілді және «тілдердің үштұғырлығы» жобасы аясында ағылшын және басқа да тілдерді озық әдістер мен жаңа оқыту технологиялары негізінде оқытуды жүзеге асыру үшін заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес мекеме болып табылады.