

Тілеулиев Шынзат Берікұлы 1987 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жоғары білімді, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша аяқталды.
Еңбек жолын 2009 жылы «АльпинСтрой» ЖШС-де инженер-жобалаушы ретінде бастап, кейін бас инженер-жобалаушы лауазымына дейін көтерілді.
2017–2021 жылдары «Айкын Сапа» ЖШС-де директордың орынбасары, 2022–2024 жылдары «Вис Строй Груп» ЖШС-де директордың орынбасары қызметтерін атқарды.
2024–2026 жылдары Аршалы ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде бас маманның міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.