23.02–24.02.2026 ж.
Софиевка ауылының жаңа тұрғын алабында көшелер қардан тазартылды.
#ТазаҚазақстан
Софиевка ауылдық округінің әкімі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында округтің аяулы аналары мен қыз-келіншектерін шын жүректен құттықтады.
Мерекелік іс-шара барысында әйел қауымына ізгі тілектер айтылып, олардың қоғамдағы және отбасыдағы ерекше рөлі атап өтілді. Іс-шара аудандық және ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.
Концерт барысында әсем әндер шырқалып, көркем билер биленіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
Округ әкімі Б.Сүгіралиев Софиевка ауылының еңбегі сіңген тұрғындары— Алексейчук Николай Ивановичті, Бозгулов Ибрагим Құдайбергенұлын, Петрова Захида Турсынбайқызын мерейтойларымен, сондай-ақ Бейсекеев Әлібек Мұхатұлын зейнеткерлікке шығуымен аудан әкімі Д.Сабырғалиұлының атынан құттықтау хатпен құттықтады.
Сіздердің ұзақ жылдар бойы адал еңбектеріңізге, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлестеріңіз үшін зор алғыс білдіреміз. Сіздерге мықты денсаулық, өмірлік күш-қуат, отбасыларыңызға амандық пен ұзақ ғұмыр тілейміз.
Жаңа өмір кезеңі тыныштыққа, берекеге, отбасы жылуына, жақындарыңыздың қамқорлығына және тек жарқын да қуанышты сәттерге толы болсын!

Софиевка ауылдық округі әкімінің аппараты «Жарқын-Ай» балабақшасының ұжымын, тәрбиеленушілерін және ата-аналарын 10 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!
Осы жылдар ішінде балабақша қамқорлық пен дамудың нағыз орталығына айналды. Мұнда әрбір бала мейірімге бөленіп, білікті педагогтардың тәлім-тәрбиесін алып келеді. «Жарқын-Ай» – бақытты балалық шақтың, алғашқы жетістіктер мен жарқын бастамалардың мекені.
Ұжымға зор денсаулық, шығармашылық табыс, шабыт және толағай жетістіктер тілейміз! Балабақша қабырғасында әрдайым балалардың шат күлкісі естіліп, алда тек игі бастамалар мен үлкен белестер күтіп тұрсын!
Софиевка ауылының тұрғыны Шарипов Саду Нуржанович қыс мезгілінде ауласын тазартуымен ауыл тұрғындарына үлгі көрсетуде. Қар мен аязды күндерде ауласын уақтылы тазалап, ауылдың таза әрі қауіпсіз болуына үлес қосып отыр. Оның бұл әрекеті ауылдағы жауапкершілік пен тәртіпті арттыруға ықпал етіп, тұрғындарға қоршаған ортаға деген құрметті күшейтуде.
21 наурыз 2024 жылы
Софиевка ауылында
Мереке қарсаңында қазақтың ұлттық спорт ойындары (көкпар, бәйге аударыспақ) өтті.
Қазақтың ұлттық ойындарын ұйымдастыруына ат салысқан кәсіпкерлеріміз “Ақ Дән” ЖШС басшылығына және "Құлатай" ат клубының жетекшісі Өклан Ернар Мұхтарұлына алғысымызды білдіреміз.
21.03.2024 ж. Софиевка ауылының Мәдениет үйінің орталық алаңында Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мейрамы тойланды.
Ырыс пен ынтымақтың, береке мен бірліктің мерекесі- Ұлыстың ұлы күні- әз Наурыз мейрамымен ауылдық округ әкімі Сүгіралиев Бекзат Дәулетұлы жиналған ауыл тұрғындарын құттықтады. Мереке мәдениет үйінің ұжымының ән шашуымен жалғасты.
Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының назарына мемлекеттік мекемелердің дастарханы жайылды.
Жергілікті кәсіпкерлер өздерінің қолөнер бұйымдарын, өнімдерін ұсынды.
Ұлттық спорт ойындары ойнатылды
8 наурыз мейрамына қарсы Софиевка ауылдық округінің әкімі Б.Д. Сүгіралиев, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ауылдың әйелдер қауымын құттықтады.
Барлық әжелерді, аналарды, қыздарды шырайлы көктеммен бірге келетін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз, отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт, амандық және өркендеу тілейміз.
Мереке құтты болсын!
Ізгі ниетпен, "Софиевка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
Софиевка ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп, су өткізгіш құбырларды қардан тазартылды.