Сүгіралиев Бекзат Дәулетұлы, 1993 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 2015 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Жер кадастры» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2016 жылы Целиноград ауданы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы департаментінде жерге орналастыру инженері қызметінен бастаған.
2017–2020 жылдары Целиноград ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінде еңбек етті.
2020 жылғы қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Софиевка ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.