Антикоррупционный стандарт

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТ
Қазақстан Республикасы Ақмола облысы Целиноград ауданы
«Шалқар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленген.

Стандарттың мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметкерлердің қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік қалыптастыру.

Стандарт ауылдық округ әкімі аппаратының барлық мемлекеттік қызметшілеріне (Б корпусы), сондай-ақ мемлекеттік органның қызметін техникалық қамтамасыз етуді және оған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қызметкерлерге қолданылады.

Қызметкерлердің негізгі мінез-құлық стандарттары:

  • заңдылық, ашықтық, жариялылық қағидаттарын және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;

  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді белгіленген регламенттер мен стандарттарға сәйкес көрсету;

  • азаматтардың «Е-Оtinish» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен өтініштерін уақтылы және объективті қарау;

  • жекелеген тұлғаларға негізсіз артықшылықтар, жеңілдіктер беруге жол бермеу;

  • өз құзыреті шегінде толық, шынайы және ашық ақпарат ұсыну;

  • азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік, сыпайылық және құрмет сақтау.

Басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде:

  • мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету;

  • үлестестікке, бәсекелестікті шектеуге және баға сөз байласуына жол бермеу;

  • шешімдерді заңнамада белгіленген өкілеттіктер шегінде қабылдау;

  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;

  • кадрларды іріктеу, жоғарылату және ынталандыру кезінде меритократия қағидаттарын сақтау;

  • тамыр-таныстыққа, жерлестікке және қызметтік жүктемені тең бөлмеуге жол бермеу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер:

Қызметкерлерге:

  • жақын туыстарының, жұбайларының немесе жекжаттарының тікелей бағынысында қызмет атқаруға;

  • заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік және өзге де ақылы қызметпен айналысуға;

  • қызметтік міндеттерді орындағаны немесе орындамағаны үшін сыйлықтар, материалдық сыйақылар, жеңілдіктер немесе қызметтер қабылдауға;

  • ойын мекемелерінде, онлайн-платформаларда және Интернет желісінде құмар ойындарға және (немесе) бәстесуге қатысуға;

  • қызметтік ақпаратты жеке немесе пайдакүнемдік мақсатта пайдалануға;

  • Мекеме қызметкерлерін қызметтік міндеттеріне қатысы жоқ немесе жеке тапсырмаларды орындауға тартуға тыйым салынады.

Қызметкерлер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес декларацияларды уақтылы және дұрыс тапсыруға міндетті.

Мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары:

Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда қызметкер өзінің тікелей басшысына немесе Аппарат басшылығына дереу жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

Дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ пайда алуға итермелеу фактілері туралы белгілі болған қызметкер бұл туралы Мекеме басшылығына және (немесе) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке дереу хабарлауға міндетті.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттің қорғауында болады.

 

 

АНТИКОРРУПЦИОННЫЙ СТАНДАРТ
государственного учреждения
«Аппарат акима Шалкарского сельского округа Целиноградского района»

Антикоррупционный стандарт разработан в соответствии со статьей 10 Закона Республики Казахстан «О противодействии коррупции» и Методическими рекомендациями по разработке антикоррупционных стандартов.

Цель стандарта – предупреждение коррупции, недопущение коррупционных проявлений, повышение правовой грамотности работников и формирование атмосферы нулевой терпимости к коррупции.

Стандарт распространяется на всех государственных служащих Аппарата акима (корпуса «Б»), а также работников, осуществляющих техническое обеспечение и обслуживание деятельности государственного органа.

Основные стандарты поведения работников:

  • соблюдать законность, прозрачность, гласность, права и законные интересы граждан;

  • предоставлять государственные услуги в соответствии с установленными регламентами и стандартами, не допуская необоснованного бюрократизма и затягивания сроков;

  • своевременно и объективно рассматривать обращения граждан через информационную систему «Е-Оtinish»;

  • не предоставлять отдельным лицам необоснованные преимущества, привилегии или льготы;

  • предоставлять достоверную и открытую информацию в пределах своей компетенции;

  • соблюдать вежливость, корректность и уважение к гражданам.

При принятии управленческих решений:

  • обеспечивать прозрачность государственных закупок и эффективное расходование бюджетных средств;

  • не допускать аффилированности, ограничения конкуренции и ценового сговора;

  • принимать решения исключительно в рамках предоставленных полномочий;

  • проводить внутренний анализ коррупционных рисков;

  • обеспечивать объективный отбор, продвижение и поощрение кадров на основе принципов меритократии;

  • не допускать кумовства, землячества и неравномерного распределения трудовой нагрузки.

Антикоррупционные ограничения:

Работникам запрещается:

  • находиться в непосредственной подчиненности близких родственников, супругов или свойственников;

  • заниматься предпринимательской и иной оплачиваемой деятельностью, кроме предусмотренных законом случаев;

  • принимать подарки, материальные вознаграждения, льготы или услуги за выполнение либо невыполнение служебных обязанностей;

  • участвовать в азартных играх и (или) пари в игорных заведениях, на онлайн-платформах и в сети Интернет;

  • использовать служебную информацию в личных или корыстных целях;

  • привлекать работников Учреждения к выполнению неслужебных или личных поручений.

Работники обязаны своевременно и достоверно сдавать декларации в рамках налогового законодательства Республики Казахстан.

Конфликт интересов и коррупционные правонарушения:

При возникновении конфликта интересов сотрудник обязан незамедлительно письменно уведомить непосредственного руководителя или руководство Аппарата акима.

Работник, которому стало известно о готовящемся, совершаемом или совершенном коррупционном правонарушении либо о фактах склонения к получению выгоды, обязан незамедлительно проинформировать руководство Учреждения и (или) Антикоррупционную службу.

Лица, сообщившие о фактах коррупции или оказывающие содействие в противодействии коррупции, находятся под защитой государства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

 

Антикоррупционный стандарт
Дата публикации
23 сентября 2026