
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі
Емханаңызды таңдаңыз!
(Медициналық ұйымды таңдаңыз)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 88 және 91-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының медициналық ұйымды еркін таңдауға құқығы бар. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап республикада Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1887 қаулысымен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз ету тәртібін айқындайтын қағидалар бекітілді.Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін аумақтық принцип бойынша құрылады. Қала тұрғындарын аумақтық емханаларға тіркеу бойынша компания жылына 1 рет, жыл басында өткізіледі. Осы уақытта Сіз өзіңіздің еркін таңдау құқығыңызды пайдалана аласыз және өзіңіздің аумақтық емханаңыздан шығып, қалауы бойынша басқасына тіркеле аласыз. Егер Сіз медициналық ұйымға тіркелген болсаңыз және оны өзгертуді болжамасаңыз, Сіз өзіңіздің емханаңызға тіркелген болып қаласыз.
Стационарларға емдеуге жатқызу медициналық көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады.
Шұғыл жағдайларда емдеуге жатқызу амбулаториялық-емханалық ұйымдар мамандарының жолдамасының болуына қарамастан жедел жүзеге асырылады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу амбулаториялық-емханалық ұйымдар мамандарының жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.