GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Қызметі
Әкім аппараты
Все материалы
22 октября 2026
Сандықтау ауданында жаңа орталық қазандық іске қосылды

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Сандықтау ауданында қуаттылығы 9 МВт болатын жаңа орталық қазандық іске қосылды. Жобаның мердігері – «Азияэнергопроектмонтаж» ЖШС.

Аталған жобаның жүзеге асырылуы ауданның коммуналдық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Қазандықты пайдалануға беру жылумен жабдықтау жүйесін жетілдіруге, оның жұмысының сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ тұтынушыларды жылу энергиясымен қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған.

Жаңа нысанның жұмысы қолданылған техникалық шешімдердің тиімділігін тәжірибе жүзінде бағалауға және жылумен жабдықтау жүйесін одан әрі дамытудың перспективаларын айқындауға мүмкіндік береді.

22 октября 2026
Республика күні қарсаңында Балкашино ауылында шырша көшеттері отырғызылды

Қазақстан Республика күні қарсаңында Балкашино ауылында шырша көшеттерін отырғызу акциясы өтті. Экологиялық акцияға мемлекеттік мекемелердің басшылары, спортшылар және жастар белсенді қатысты.

Барлығы 35 шырша көшеті отырғызылды. Алдағы уақытта бұл жерде аудан тұрғындары үшін тағы бір жайлы жасыл аймаққа айналатын шағын саябақ құру жоспарланып отыр.

Осындай бастамалар игі дәстүрге айналып, туған өлкені абаттандыруға өз үлесін қосуда. Тұрғындар бірлесе күш жұмсап, өздері мен болашақ ұрпақ үшін қолайлы, әрі көрікті орта қалыптастыруда.

21 октября 2026
Жаңа өрт сөндіру бекеті — тұрғындардың қауіпсіздігін күзетуде

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында, сондай-ақ ел Тәуелсіздігінің 35- жылдығы аталып өтіп жатқан жылы Белгородское ауылында жаңа өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылуы өтті.

Маңызды оқиғамен ауыл тұрғындары мен қонақтарын Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай құттықтады. Сонымен қатар Ақмола облысы Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Ренат Валишанов құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шара барысында «Ауыл құтқарушы» бағдарламасы аясында өрт сөндіру бекетінің құрылысын жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі және Белгородское ауылы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ат салысқаны үшін «Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен «Белгородское» ЖШС басшысы Артем Любимов марапатталды. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің алғыс хатымен ауылдық округ әкімі Бауырбек Жанғожин марапатталды.

Өрт сөндіру бекетінің ашылуы — ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін нығайту жолындағы маңызды қадам. Жаңа бөлімше төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, өрттерді сөндіруге және Белгородское ауылы мен оған жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарына қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Іс-шара соңында қатысушылар ауылды абаттандыруға және оның табиғи келбетін сақтауға үлес қосу мақсатында шырша көшеттерін отырғызды.

21 октября 2026
Сандықтау ауданының әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай азаматтардың кезекті жеке қабылдауын өткізді.

Қабылдау барысында аудан тұрғыны орталық алаңда орнатылған қоршау мен белгіге қатысты сұрақпен жүгінді.

Айтылған өтініш бойынша тиісті түсініктемелер берілді.

21 октября 2026
Аудан әкімі ветеринариялық пункт құрылысының барысымен танысты

Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай Бірлік ауылдық округіндегі ветеринариялық пункт құрылысының барысымен танысты.

Нысанға барған кезде құрылыс жұмыстарының қазіргі кезеңдері қаралып, анықталған ескертулер талқыланды. Мердігер ұйымға ескертулерді жою бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, орындалып жатқан жұмыстардың сапасына қойылатын талаптарды сақтау қажеттігі ескертілді.

21 октября 2026
Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімдігі 10 жыл мерзімге шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама алғаш жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткенсоң конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау: 2026 жылғы 23 қарашадан бастап 2026 жылғы 11 желтоқсан қоса алғанда, Ақмола облысы, Жақсы ауданы,  Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 3-үй мекен жайы бойынша жүзеге асырылады. Қорытындылау күні конкурстың аяқталу күні болып саналады. Конкурс қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі күні өткізіледі.

            Конкурстың өткізілетін күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2026 жылғы 14 желтоқсанда сағат 10:00 де, Ақмола облысы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 3-үй мекен-жайы бойынша шығарылады.

№

р / с

Жер учаскесінің орналасқан жері лот №

Жер учаскесі

үшін беріледі:

Аймақтың ауылшаруашылық мамандануы

Жер учаскесінің жалпы ауданы, га жалдау мерзімі, жылдар

Ауыл шаруашылығы алқаптарының құрамы, оның ішінде

Топырақтың сапалық сипаттамасы, (бонитет балы)

Суменқамтамасызету

Басқаша

Егістік

Жайылымдар

Шабындықтар

Басқа жерлер

 

 

 

1

Терісаққан ауылының әкімшілік шекараларында,

№ 1 лот

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу

Мал шаруашылығы

3500,0 га

10 жылға

 

3408,0 га

92,0 га

 

Күңгірт күрең , (балл бонитеті 17,7)

Суланбаған

 

 

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады:

1) конкурсқа қатысуға өтінім;

2) конкурсты құсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңы, ауыл шаруашылығы жануарларының басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру жөніндегі индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер.

Конкурсқа қатысуға өтінімде ҚР Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер болуға тиіс. Өтінімде өтініш берушілердің жұбайының (зайыбының) шетелдік азаматтығы туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс. Жеке тұлғалардың, шаруа қожалықтарының өтінімдерінде өтініш берушінің осы ауданда, ауылда, кентте қанша уақыт тұратынын көрсету қажет.

Өтініш беруші конкурстық ұсыныстаұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартыныңа жырамас бөлігі болып табылады.

Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы жабық конвертте, соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенім білдірілген тұлға) үшін – қатысушының қолымен және бірінші басшының (немесе сенім білдірілген тұлғаның) қолымен және заңды тұлғалар үшін – мөрмен (ол болған кезде) куәландырылатын, нөмірленген беттермен тігілген түрде басып шығарылған немесе өшірілмейтін сиямен жазады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Жақсы ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарынан алуға болады, https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy?lang=ru немесе тел.: 8(71635) 2-20-11  «Жақсы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.

21 октября 2026
Республика күні қарсаңындағы тарихи оқиға

Бірлік ауылдық округінде Бірлік, Тұмар және Ақкент ауылдарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ететін топтық су құбырының салтанатты іске қосылу рәсімі өтті.
Осы айтулы оқиғамен тұрғындар мен қонақтарды Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай құттықтады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігі комитеті төраға орынбасарының міндетін атқарушы Бұлан Тұрлыбеков құттықтау сөз сөйледі.
Бұған дейін орталықтандырылған су жүйесі болмаған үш ауылдың тұрғындары үшін бұл — көптен күткен қуанышты оқиға. Енді олардың үйлеріне орталықтандырылған ауыз су жеткізілді.
Жобаның жүзеге асырылуы — ауылдық инфрақұрылымды дамытуға, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және әрбір отбасы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды қадам.

20 октября 2026
Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама бірінші жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. № 1, 2,3,4 лоттар бойынша өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 16 қарашадан 2026 жылғы 4 желтоқсан аралығында сағат 18:00-ге дейін бойынша Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі 71 мекенжайы жүзеге асырылады.

Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурс қорытындысы (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) 2026 жылғы 7 желтоқсанда, басталуы - Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Тәуелсіздік көшесі, 71, мәжіліс залы мекенжайы бойынша сағат 10:00-ден басталады.

 

телім №

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесі беріледі

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері)

Алаңы (га)

Бонитет балы

Топырақ сипаттамасының сапасы

Сумен қамтамасыз етілуі

Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы

1

Симферополь               ауылдық округі

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу

Жалпы ауданы

458,0

 

43,4

Кәдімгі қара топырақ, оңтүстік

Суландырылмаған

 

мал шаруашылығы

өсімдік шаруашылығы

егістік

457,0

жайылым

1,0

2

Симферополь               ауылдық округі

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу

Жалпы ауданы

 

539,2

 

40,6

Кәдімгі қара топырақ

Суландырылмаған

 

мал шаруашылығы

өсімдік шаруашылығы

егістік

386,1

жайылым

153,1

3

Байтерек ауылдық округі

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу

Жалпы ауданы

 

134,3

 

45,0

Кәдімгі қара топырақ

Суландырылмаған

 

мал шаруашылығы

өсімдік шаруашылығы

егістік

134,3

жайылым

 

4

Байтерек ауылдық округі

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу

Жалпы ауданы

 

28,2

 

50,6

Кәдімгі қара топырақ

Суландырылмаған

 

мал шаруашылығы

өсімдік шаруашылығы

егістік

28,2

жайылым

 

 

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс. 

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану ережелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру жөніндегі индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелерді орындау

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімде ҚР Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер болуы тиіс. Өтінімде өтініш берушінің жұбайының (зайыбының) шетелдік азаматтығы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс. Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын жеке тұлғаларға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 бал беру түрінде артықшылық беріледі, бұл ретте осы тұлғалар конкурстық өтінімді толтыру кезінде тұрғылықты жерін көрсете отырып, тұрғылықты жерін көрсете отырып, тұрғылықты жерін көрсете отырып, тұру фактісін растауға тиіс. Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 5 бал беру түрінде артықшылық беріледі.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
            Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Зеренды ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарынан алуға болады,
https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy?lang=ru немесе Тел.: 87163221991 «Зеренді ауданының ауыл шаруашылы және жер қатынастары бөлімі» ММ.

 

 

19 октября 2026
Құтқарушы — жүрек таңдауы

Әрбір құтқарылған адамның өмірі мен алдын алынған өрттің артында кез келген сәтте көмекке келуге дайын адамдар тұр. Олардың қызметі батылдықты, сабырлылықты, кәсібилікті және жедел шешім қабылдай білуді талап етеді.

Кәсіби мерекеге орай Сандықтау ауданы ТЖБ №17 өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Андрей Пешков туралы әңгімелейміз.

Әскери қызметін өтегеннен кейін Андрей өрт сөндіруші мамандығын таңдады. Еңбек жолын өрт сөндіруші болып бастап, тәжірибе жинақтады, кейін қарауыл бастығы қызметіне дейін көтеріліп, кәсіби біліктілігін арттыруды жалғастырды. 2014 жылы Көкшетау техникалық университетін тәмамдады.

2026 жылдың маусым айынан бастап Андрей Пешков өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары қызметін атқарып келеді. Оның міндеттеріне бөлімшенің жұмысын ұйымдастыру, жеке құрамға басшылық ету және маңызды қызметтік міндеттерді орындау кіреді.

Құтқарушылар күні — күн сайын адамдардың қауіпсіздігін күзетіп, қиын сәтте алғашқылардың бірі болып көмекке келетін барша құтқарушыларға алғыс білдіретін күн.

19 октября 2026
Аудан әкімінің Құтқарушылар күнімен құттықтауы

Құрметті құтқару қызметінің қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздердің қызметтеріңіз батылдықты, төзімділікті, жоғары жауапкершілікті және кез келген сәтте көмекке келуге дайын болуды талап етеді. Сіздер күн сайын халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, төтенше жағдайларға жедел әрекет етесіздер және күрделі жағдайларда адам өмірін сақтап қалу үшін бар күш-жігерлеріңізді саласыздар.

Жанқиярлық еңбектеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз және өз істеріңізге адалдықтарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Құтқару қызметінің дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлерге ерекше ризашылығымды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, қызметтеріңізге табыс тілеймін!

Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы