
Бүгін "Болашақ" спорттық - сауықтыру кешенінде аудан әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанованың қатысуымен Сандықтау ауданы мектептерінің педагогикалық ұжымдары арасында "Мұғалім-2022" атты ХVIIl аудандық спартакиадасы өтті. Спартакиадаға 23 мектеп қатысты. Жарыс бағдарламасы 4 ойын түрін қамтыды: волейбол, тоғыз құмалақ, шахмат және үстел теннисі.