Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысының Сандықтау ауданының атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметі туралы 2022 жылға арналған есебі

I. Жалпы мәлімет

1. Ауданда мемқызметтерді көрсетілуіне бақылау жасайтын мекеме туралы мәлімет

Ұйымның атауы

Сандықтау ауданы «Мәдениет ауылы әкімінің аппараты» КММ

Орналасқан жері

Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Мәдениет ауылы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесі №9 үй, байланыс телефоны: 8(71640) 9-34-84, 9-34-35

Аудан әкімі

Клара Серікбайқызы Әуезхан

Ауданда мемлекетттік қызметті ұсыну сапасына, мониторингіге жауапты тұлғалар

 

Гусак Татьяна Николаевна – «Мәдениет ауылы әкімінің аппараты» КММ бас маманы

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Барлық мемлекеттік қызметтердін саны

Мемкорпорация және «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Тегін көрсетілетін мемлекеттік қызметердің саны

Ақылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Мемлекеттік қызметтердің бекітілген қағидаларының саны

 

5 қызмет

5

5

0

5

 

3. Жиі талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

№ р/б

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің атауы

2022 жылы көрсетілген қызметтер-дің саны

Ескерту

 

1

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

Сандықтау ауданы «Мәдениет ауылы әкімінің аппараты» КММ

0

Қызмет сұранылмаған

 

2

Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру

0

Қызмет сұранылмаған

 

3

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу

0

Қызмет сұранылмаған

 

4

Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату

0

Қызмет сұранылмаған

 

5

Жер учаскесін алу үшін кезекке қою

 

4

Қызмет ЭҮП арқылы  талап етілген

 

 

БАРЛЫҒЫ:

 

4

Оның ішінде:

ЭҮП арқылы - 4

 

II. Қызметті алушылармен жұмыс істеу

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері және орындары туралы мәлімет

 

1)

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет ресурсында sand.akmo.gov.kz «Мемлекеттік қызметтер» тарауында салалар бойынша орналастырылған.

2)

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы көрнекі ақпарат Сандықтау ауданының мемлекеттік мекемелерінің стендтерінде орналастырылған, әрбір көрсетілетін мемқызметтердің түрлеру бойынша үлестірме мәліметтер – буклеттер қолда бар.

3)

Ауылдық округі әкімдері аппараттарының әкімшілік ғимараттарының жанында «Электрондық үкімет» egov.kz. ақпараттық баннерлері орналасқан.

4)

Ауданның БАҚ мемлекеттік қызметті ұсыну тәртібі туралы аудан тұрғындарын ақпараттандыру бойынша жылсайын жұмыс өткізіледі.

2. Мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын ашық талқылау туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының электронды Үкіметі порталы egov.kz. «Азаматтар және Үкімет» «Ашық талқылау» тарауында стандарттар жобаларын талқылау мүмкіндіктерін түсіндіру бойынша ауылдық округтін тұрғындарымен тұрақты негізде жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар  «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет ресурсында sand.akmo.gov.kz «Мемлекеттік қызметтер» тарауында салалар бойынша орналастырылған.

2022 жылдың есепті кезеңінде мемлекетік қызмет көрсететін ауыл әкімінің аппаратына, мемлекеттік органдарға аудан тұрғындарынан есепті кезеңде стандарттар жобаларына өзгертулер немесе толықтырулар туралы ұсыныстар келіп түскен жоқ.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында айқындықты қамтамасыз етуге бағытталған іс шаралар

Көрсетілетін қызметті алушылар жүгінген кезде ауданның мемлекетттік органдарының мамандары мемлекеттік қызметті көрсету үрдісі туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі, сонымен қатар халық алдында ауылдық округ әкімінің есеп беру кездесулерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша сұрақтар түскен жағдайда, толық жауап беріледі, есеп беру кезеңіне көрсеткіштер айтылады, туындайтын сұрақтар және ұсыныстар талқыланады.

III.Мемлекеттік қызметтер көрсету барыстарын жетілдіру бойынша қызмет

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін оңтайландыру және автоматизациялар нәтижелері.

Ауданның көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметті ұсынудың үдерісін жылдамдату және жеңілдету мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру болып табылады.

Мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізу қызметті ұсыну мерзімін, мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін қысқартуға, сонымен қатар қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасындағы байланысты алып тастау арқылы осы саланың сыбайлас жемқорлығын азайтуға мүмкіндік берді.

Аудан тұрғындары арасында ауыл мамандарымен электронды-сандық қол қоюды алу қажеттілігі және одан әрі мемлекеттік қызметті электронды пішімде алу туралы түсініктеме жұмысы жүргізіледі.

Ауыл тұрғындарымен мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған. 

2. Мемлекетік қызметтерді көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатуға бағытталған іс шаралар

Ауыл әкімі, мемлекеттік қызметті ұсынуға жауапты маман өздерінің білімдерін тиісті Заңдарды, қағидаларды, әдістемелік ұсыныстаржы, мемлекетік қызметтердің стандарттар оқу арқылы көтереді.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында негіз қалаушы принциптерді және нормаларды белгілеу, қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында 2013 жылдың 15 сәуірі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заң қабылданды. Мемлекеттің, азаматтардың құқықтарын және мүделерін сақтау мақсатында мемлекеттік қызметтердің жаңа стандартары және тиісті қағидалар қабылдануда.

IV. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәлімет

Шағымның мәні

Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған оган (ұйым)

Қарастыру күні

Шағымды қарастыру қортындысы бойынша құжат №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

-

-

-

-

-

-

-

Есеп беру кезеңінде қызмет алушылардан мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

Мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарлатуға тұрақты негіздегі жұмыстарына сәйкес, ішкі бақылаудың нәтижелері – қызметті алушылар жағынан есеп беру кезеңінде ескертулер, сонымен бірге шағымдардың жоқтығы болып табылады.

26.10.2022 жылы Мәдениет ауылы әкімінің аппаратында Сандықтау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі инспекторының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы сақтау тұрғысынан мемлекеттік қызметтер бойынша бақылау іс-шаралары өткізілді.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын қоғамдық мониторингілеу нәтижелері

2022 жылы Ақмола облысы бойынша Сандықтау ауданын қосаалғанда «Жаңа шабыт» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізді, оның қорытындысы бойынша ауданның қызмет көрсетушілеріне ауданда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін тиісті ұсыныстар берілді.

V. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызметті алушылардың қанағаттануын жоғарлату және одан әрі тиімділігінің перспективалары

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша тиімді жұмыс істеуі үшін, сонымен бірге мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызмет алушылардың қанағатануын жоғарлату мақсатында:

1. Жауапты қызметкерлер мемлекеттік қызметтерді ұсыну саласында біліктілігін тұрақты түрде жоғарылатады;

2. Мемлекеттік қызметтердің стандарттарын, регламенттерін талқылау үшін, туындаған мәселелер бойынша қызмет алушылармен кездесулер, семинарлар өткізіледі, қортындысы бойынша жоғары тұрған органға ұсыныстар енгізілетін болады;

3. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және электронды пішімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрін арттыру бойынша жұмыс жалғастырылады, осы мақсатта тоқсан сайын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізіледі;

4. Ауылда көрсетілетін қызметті берушілерімен мемлекеттік қызметті уақытылы ұсынуға арналған барлық тиісті шаралар қабылданады;

5. Тұрақты негізде ауданның мемлекеттік мекемелерінде электронды түрде және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыстар БАҚ, «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ интернет-ресурсында және басқа да веб-сайттар арқылы жүргізіледі.

Дата публикации
02 марта 2022
Дата обновления
27 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
инфографикалар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
14 октября 2026
Күнтізбелік жоспар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы