|
I. Жалпы мәлімет |
|||||||||||||||
|
1. Ауданда мемқызметтерді көрсетілуіне бақылау жасайтын мекеме туралы мәлімет |
|||||||||||||||
|
Ұйымның атауы |
«Веселов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ |
||||||||||||||
|
Орналасқан жері |
Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Веселое ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі 15 үй, байланыс телефоны: 8(71640) 9-42-41, 9-43-35 |
||||||||||||||
|
Аудан әкімі |
Сейтжанов Арман Булатович |
||||||||||||||
|
Ауданда мемқызметті ұсыну сапасына жауапты тұлғалар |
Космуратова Дина Мейранбековна |
||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||
|
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат |
|||||||||||||||
|
Барлық мемлекеттік қызметтердін саны |
Мемкорпорация және ЭҮПарқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
Тегін көрсетілетін мемлекеттік қызметердің саны |
Ақылы көрсетілетін мемқызметтер саны |
Мемлекеттік қызметтердің бекітілген қағидалар саны |
|
||||||||||
|
5 |
5 |
5 |
- |
5 |
|
||||||||||
|
3. Жиі талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат |
|||||||||||||||
|
№ р/б |
Мемлекеттік қызметтердің атауы |
Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің атауы |
2021 жылы көрсетілген қызметтер саны |
Ескерту |
|
||||||||||
|
1 |
Жер учаскесін алу үшін кезекке қою |
«Веселов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
|
0 |
Қызмет сұралынбаған |
|
||||||||||
|
2 |
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру |
1 |
Қантар |
|
|||||||||||
|
3 |
Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру |
4 |
Мамыр |
|
|||||||||||
|
4 |
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу |
4 |
Қызмет ЭҮП арқылы талап етілген |
|
|||||||||||
|
5 |
Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату |
0 |
Қызмет сұралынбаған |
|
|||||||||||
|
|
БАРЛЫҒЫ: |
9 |
Оның ішінде: ЭҮП арқылы – 9 |
|
|||||||||||
|
II. Қызметті алушылармен жұмыс істеу |
|||||||||||||||
|
1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері және орындары туралы мәлімет |
|||||||||||||||
|
1) |
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет ресурсында sand.akmo.gov.kz «Мемлекеттік қызметтер» тарауында салалар бойынша орналастырылған. |
||||||||||||||
|
2) |
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы көрнекі ақпарат «Веселов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ стендтерінде орналастырылған, әрбір көрсетілетін мемқызметтердің түрлеру бойынша үлестірме мәліметтер – буклеттер қолда бар. |
||||||||||||||
|
3) |
Ауылдық округ әкімдігінің ғимаратының жанында «Электрондық үкімет» egov.kz. ақпараттық баннерлері орналасқан. |
||||||||||||||
|
4) |
Жыл сайын аудан тұрғындарын аудан БАҚ-тарында және әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі. |
||||||||||||||
|
2. Мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын ашық талқылау туралы ақпарат |
|||||||||||||||
|
Қазақстан Республикасының электронды Үкіметі порталы egov.kz. «Азаматтар және Үкімет» «Ашық талқылау» тарауында стандарттар жобаларын талқылау мүмкіндіктерін түсіндіру бойынша ауылдық округтін тұрғындарымен тұрақты негізде жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет ресурсында sand.akmo.gov.kz «Мемлекеттік қызметтер» тарауында салалар бойынша орналастырылған. 2022 жылдың есепті кезеңінде мемлекетік қызмет көрсететін ауыл әкімінің аппаратына, мемлекеттік органдарға тұрғындардан есепті кезеңде қағидалар жобаларына өзгертулер немесе толықтырулар туралы ұсыныстар келіп түскен жоқ. |
|||||||||||||||
|
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында айқындықты қамтамасыз етуге бағытталған іс шаралар |
|||||||||||||||
|
Көрсетілетін қызметті алушылар жүгінген кезде ауданның мемлекетттік органдарының мамандары мемлекеттік қызметті көрсету үрдісі туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі, сонымен қатар халық алдында ауылдық округ әкімінің есеп беру кездесулерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша сұрақтар түскен жағдайда, толық жауап беріледі, есеп беру кезеңіне көрсеткіштер айтылады, туындайтын сұрақтар және ұсыныстар талқыланады. |
|||||||||||||||
|
III.Мемлекеттік қызметтер көрсету барыстарын жетілдіру бойынша қызмет |
|||||||||||||||
|
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін оңтайландыру және автоматизациялар нәтижелері. |
|||||||||||||||
|
Ауданның көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметті ұсынудың үдерісін жылдамдату және жеңілдету мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру болып табылады. ҚР egov.kz электронды үкіметінің порталында мемлекетік қызметтің 28 түрі электронды пішімде көрсету үшін автоматтандырылған. Мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізу қызметті ұсыну мерзімін, мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін қысқартуға, сонымен қатар қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасындағы байланысты алып тастау арқылы осы саланың сыбайлас жемқорлығын азайтуға мүмкіндік берді. Ауылдық округ мамандарымен тұрғындар арасында электронды-сандық қол қоюды алу қажеттілігі және одан әрі мемлекеттік қызметті электронды пішімде алу туралы түсініктеме жұмысы жүргізіледі. Ауылдық округ әкімінің аппаратында ауылдық округ тұрғындарымен мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған. |
|||||||||||||||
|
2. Мемлекетік қызметтерді көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатуға бағытталған іс шаралар |
|||||||||||||||
|
Мемлекеттік қызметті ұсынуға жауапты маман өздерінің білімдерін тиісті Заңдарды, қағидаларды, әдістемелік ұсыныстаржы, мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері оқу арқылы көтереді. |
|||||||||||||||
|
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін нормативтік-құқықтық жетілдіру |
|||||||||||||||
|
Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында негіз қалаушы принциптерді және нормаларды белгілеу, қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында 2013 жылдың 15 сәуірі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заң қабылданды. Мемлекеттің, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сақтау мақсатында 2020 жылғы 01 қазанда мемлекеттік қызметтердің ережелері мен стандарттары бекітілді. |
|||||||||||||||
|
IV. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау |
|||||||||||||||
|
1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат |
|||||||||||||||
|
Шағым беруші туралы мәлімет |
Шағымның мәні |
Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған оган (ұйым) |
Қарастыру күні |
Шағымды қарастыру қортындысы бойынша құжат № |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет |
|||||||||
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
|||||||||
|
Есеп беру кезеңінде қызмет алушылардан мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ. |
|||||||||||||||
|
2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері |
|||||||||||||||
|
Мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарлатуға тұрақты негіздегі жұмыстарына сәйкес, ішкі бақылаудың нәтижелері – қызметті алушылар жағынан есеп беру кезеңінде ескертулер, сонымен бірге шағымдардың жоқтығы болып табылады. |
|||||||||||||||
|
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын қоғамдық мониторингілеу нәтижелері |
|||||||||||||||
|
2022 жылы Ақмола облысы бойынша, Сандықтау ауданын қоса алғанда, "Жаңа шабыт" қоғамдық бірлестігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізді, оның қорытындысы бойынша ауданның көрсетілетін қызметті берушілеріне ауданда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін тиісті ұсынымдар берілді. Мәселе үнемі бақылауда. |
|||||||||||||||
|
V. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызметті алушылардың қанағаттануын жоғарлату және одан әрі тиімділігінің перспективалары |
|||||||||||||||
|
Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша тиімді жұмыс істеуі үшін, сонымен бірге мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызмет алушылардың қанағатануын жоғарлату мақсатында: 1. Жауапты қызметкерлер мемлекеттік қызметтерді ұсыну саласында біліктілігін тұрақты түрде жоғарылатады; 2. Мемлекеттік қызметтердің стандарттарын, регламенттерін талқылау үшін, туындаған мәселелер бойынша қызмет алушылармен кездесулер, семинарлар өткізіледі, қортындысы бойынша жоғары тұрған органға ұсыныстар енгізілетін болады; 3. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және электронды пішімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрін арттыру бойынша жұмыс жалғастырылады, осы мақсатта тоқсан сайын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізіледі; 4. Ауылдық округі әкімінің аппаратында көрсетілетін қызметті берушілерімен мемлекеттік қызметті уақытылы ұсынуға арналған барлық тиісті шаралар қабылданады; 5. Тұрақты негізде ауданның мемлекеттік мекемелерінде электронды түрде және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыстар БАҚ, «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ интернет-ресурсында және басқа да веб-сайттар арқылы жүргізіледі. |
|||||||||||||||