Меню

Страницы

Статья

Васильев ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметі туралы 2022 жылға арналған есебі

I. Жалпы мәлімет

  1. Ауылдық округте мемлекеттік қызметті көрсетуге бақылауды іске асырушы ұйым  туралы мәлімет

Ұйымның атауы

Сандықтау ауданы «Васильевв ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ

Орналасқан жері

Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Васильев ауылдық округі,Васильевка ауылы, Пушкин  көшесі, .№22 үй, байланыс телефоны: 8(71640) 9-5375

Әкім

Үйсімбаев Азамат Өмірбекұлы

Мемлекеттік қызметті көрсетуші мамандар

Микор Елена Николаевна

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Барлық мемлекеттік қызметтердін саны

Мемкорпорация және ЭҮП арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Тегін көрсетілетін мемқызметердің саны

Ақылы көрсетілетін мемқызметтердің саны

Мемқызметтердің бекітілген қағидалардың саны

5 қызмет

5 қызмет

5 қызмет

0 қызмет

5 қызмет

3. Жиі талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

№ р/б

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің атауы

2022 жылы қызметтердің саны

Ескертпе

1

Жер участкесінің нысаналы тағайындалуын өзгертуге шешім беру

 

 

«Васильев ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ

1

ЭҮП арқылы көрсетілді

2

Елді мекен шегінде нысан салу үшін жер  учаскесін беру

0

2022 жылы қызмет талап етілмеген

3

Сауданың (конкурс, аукцион) өтуін талап етпейтін, мемлекеттін меншігіндегі жер участкелеріне құқықты сатып алу

2

ЭҮП арқылы талап етілген

4

Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату

0

2022 жылы қызмет талап етілмеген

5

Жер учаскесін алу үшін кезекке қою

4

ЭҮП арқылы көрсетілді

 

БАРЛЫҒЫ:

7

Оның ішінде:

ЭҮП арқылы - 7

II. Қызметті алушылармен жұмыс істеу

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері және орындары туралы мәлімет

1)

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет ресурсында sand.akmo.gov.kz «Мемлекеттік қызметтер» тарауында салалар бойынша орналастырылған

2)

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы көрнекі  «Васильевв ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ      стендінде орналастырылған, сонымен бірге әрбір мемқызмет түрі бойынша тарату материалдары бар - буклеттер.

3)

 Ауылдық округ әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратының жанында "Электрондық үкімет" ақпараттық баннері орналасқан egov.kz.. " egov.mobil ақпараттық баннер орналастырылған.

4)

Ауданның БАҚ мемлекеттік қызметті ұсыну тәртібі туралы аудан тұрғындарын ақпараттандыру бойынша айсайын жұмыс өткізіледі.

2. Мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын ашық  талқылау туралы ақпарат

 Қазақстан Республикасының электронды Үкіметі порталы egov.kz. «Азаматтар және Үкімет» «Ашық талқылау» тарауында стандарттар жобаларын талқылау мүмкіндіктерін түсіндіру бойынша ауылдық округтін тұрғындарымен тұрақты негізде жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар  «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет ресурсында sand.akmo.gov.kz «Мемлекеттік қызметтер» тарауында салалар бойынша орналастырылған.

           Есеп беру кезенінде ауылдық округ әкімінің аппаратына стандарттар жобалаларына толықтырулар немесе өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар түскен жоқ.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында айқындықты қамтамасыз етуге бағытталған іс шаралар

        Ауылдық округ әкімінің аппаратында, қызметті алушылар келген жағдайда, мамандармен мемлекеттік қызметтерді көрсету процессі туралы түсіндірме жұмыстары біліктілікпен жүргізіледі, сонымен бірге халық алдында ауылдық округ әкімінің тоқсан сайынғы есеп беру кездесулерінде «мемлекеттік қызметтерді көрсету» бағыты бойынша сұрақтар түскен жағдайда, толық жауаптар беріледі, есеп беру кезеңіне көрсеткіштер айтылады, туындайтын сұрақтар және ұсыныстар талқыланады.

III.Мемлекеттік қызметтер көрсету барыстарын жетілдіру бойынша ызмет

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін оңтайландыру және автоматизациялар нәтижелері.

    Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандырудың мақсаты мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін оңайлату және жеделдету болып табылады.

    Мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізу қызметті ұсыну мерзімін, мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін қысқартуға, сонымен қатар қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасындағы байланысты алып тастау арқылы осы саланың сыбайлас жемқорлығын

            Ауылдық округтін маманымен тұрақты түрде одан әрі мемлекеттік қызметті элекитронды форматта алу мүмкіндігі үшін электронды-сандық қол таңба алу қажеттілігі туралы  ауылдық округтін тұрғындарына түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

          Ауылдық округ тұрғындарымен мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған.   

2. Мемлекетік қызметтерді көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатуға  бағытталған іс шаралар

      Мемлекетік қызметтерді көрсетуге ауылдық округтін әкімі және жауапты маман сәйкес заңдарды, ережелерді, әдістемелік ұсынымдарды, мемлекеттік қызметтердің стандарттарын және регламенттерін үйрену жолымен өз білімдерін жоғарлатуда.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында негіз қалаушы принциптерді және нормаларды белгілеу, қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында 2013 жылдың 15 сәуірі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заң қабылданды. Мемлекет, азаматтар құқықтарын және мүделерін сақтау мақсатында мемлекеттік қызметтердің жаңа стандартары және  қабылдануда.

IV. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәлімет

Шағымның мәні

Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған оган (ұйым)

Қарастыру күні

Шағымды қарастыру қортындысы бойынша құжат №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

-

-

-

-

-

-

-

Есеп беру кезеңінде қызмет алушылардан мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

        Мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарлатуға ауылдық округ әкмі аппаратының өткізген тұрақты негіздегі жұмыстарына сәйкес, ішкі бақылаудың нәтижелері – қызметті алушылар жағынан есеп беру кезеңінде ескертулер, сонымен бірге шағымдар жоқ.  Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау мақсатында ай сайын мемлекеттік қызметтер көрсету есептілігі ұсынылады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын қоғамдық мониторингтау нәтижелері

     2022 жылы Ақмола облысы бойынша, Сандықтау ауданын қоса алғанда, "Жаңа шабыт" қоғамдық бірлестігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізді, оның қорытындысы бойынша ауданның қызмет көрсетушілеріне ауданда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін тиісті ұсынымдар берілді.  Мәселе тұрақты бақылауда тұр.

V. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызметті алушылардың қанағаттануын жоғарлату және одан әрі тиімділігінң перспективалары

         Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ауылдық округ әкімі аппаратының одан әрі тиімді жұмыс істеуі үшін, сонымен бірге мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызмет алушылардың қанағатануын жоғарлату мақсатында:

        1. Әкім және жауапты мамандар мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша өз біліктіліктерін жоғарлататын болады;

        2. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша сұрақтар туындаған жағдайда мемлекеттік қызметтердің стандарттарын, регламенттерін талаптарын түсіндіру бойынша  кездесулер, семинарлар өткізіледі, қортындысы бойынша жоғары тұрған органға ұсыныстар енгізілетін болады;

        3. Электронды форматта және «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлерін көбейту бойынша жұмыстар бағытталатын болады;

        4. Ауылдық округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызметтерді уақытында көрсетуге бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданатын болады;

        5. Тұрақты негізде ауданның мемлекеттік мекемелерінде электронды түрде және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыстар БАҚ, «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ интернет-ресурсында және басқа да веб-сайттар арқылы жүргізіледі.

Дата публикации
02 марта 2022
Дата обновления
27 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
инфографикалар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
14 октября 2026
Күнтізбелік жоспар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы