Меню

Страницы

Статья

Белгород ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметі туралы 2022 жылға арналған есебі

I. Жалпы мәлімет

1. Ауданда мемқызметтерді көрсетілуіне бақылау жасайтын мекеме туралы мәлімет

Ұйымның атауы

Сандықтау ауданы «Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ

Орналасқан жері

Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Белгородское ауылы, Целинная көшесі  № 20 үй, байланыс телефоны: 8(71640) 9-45-24, 9-05-92

Аудан әкімі

Жанғожин Бауырбек Нұрғожаұлы

Ауданда мемлекетттік қызметті ұсыну сапасына, мониторингіге жауапты тұлғалар

 

Авдеева Марина Михайловна – «Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ

 бас маманы

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Барлық мемлекеттік қызметтердін саны

Мемкорпорация және «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Тегін көрсетілетін мемлекеттік қызметердің саны

Ақылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Мемлекеттік қызметтердің бекітілген қағидалардың саны

Мемлекеттік қызметтердің бекітілген регламенттерінің саны

 

5 қызмет

5

5

0

5

-

 

3. Жиі талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

№ р/б

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің атауы

2022

 жылы көрсетілген қызметтер саны

Ескерту

 

1

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

«Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ

1

ЭҮП арқылы көрсетілген

 

2

Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру

1 кезең-1

2 кезең-1

 

 

3

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу

1 кезең-12

2 кезең-3

ЭҮП арқылы көрсетілген

 

4

Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату

0

2022 жылы сұранылмаған

 

5

Жер учаскесін алу үшін кезекке қою

5

ЭҮП арқылы көрсетілген

 

 

БАРЛЫҒЫ:

 

23

Оның ішінде:

ЭҮП арқылы – 21

 

II. Қызметті алушылармен жұмыс істеу

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері және орындары туралы мәлімет

1)

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет ресурсында sand.akmo.gov.kz «Мемлекеттік қызметтер» тарауында салалар бойынша орналастырылған.

2)

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы көрнекі ақпарат «Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ стендтерінде орналастырылған, әрбір көрсетілетін мемқызметтердің түрлеру бойынша үлестірме мәліметтер – буклеттер қолда бар.

3)

Ауылдық округ әкімдері аппараттарының әкімшілік ғимараттарының жанында «Электрондық үкімет» egov.kz. ақпараттық баннерлері орналасқан.

4)

Ай сайын көрсетілетін қызметті алушылармен түсіндіру әңгімелесулерін өткізу, мемлекеттік органның ресми беттерінде әлеуметтік желілерде ақпаратты орналастыру арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі

2. Мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын ашық талқылау туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының электронды Үкіметі порталы egov.kz. «Азаматтар және Үкімет» «Ашық талқылау» тарауында стандарттар жобаларын талқылау мүмкіндіктерін түсіндіру бойынша ауылдық округтін тұрғындарымен тұрақты негізде жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар  «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет ресурсында sand.akmo.gov.kz «Мемлекеттік қызметтер» тарауында салалар бойынша орналастырылған.

2022 жылдың есепті кезеңінде мемлекетік қызмет көрсететін ауыл әкімінің аппаратына, мемлекеттік органдарға тұрғындардан есепті кезеңде қағидалар жобаларына өзгертулер немесе толықтырулар туралы ұсыныстар келіп түскен жоқ.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында айқындықты қамтамасыз етуге бағытталған іс шаралар

Көрсетілетін қызметті алушылар жүгінген кезде ауданның мемлекетттік органдарының мамандары мемлекеттік қызметті көрсету үрдісі туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі, сонымен қатар халық алдында ауылдық округ әкімінің есеп беру кездесулерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша сұрақтар түскен жағдайда, толық жауап беріледі, есеп беру кезеңіне көрсеткіштер айтылады, туындайтын сұрақтар және ұсыныстар талқыланады. Мемлекеттік қызметтер көрсету Қағидаларға қатаң сәйкестікте жүргізіледі.

III.Мемлекеттік қызметтер көрсету барыстарын жетілдіру бойынша қызмет

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін оңтайландыру және автоматизациялар нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандырудың мақсаты мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін оңайлату және жеделдету болып табылады.

Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жұмыстарды жүргізу Қызмет көрсету мерзімдерін, Мемлекеттік қызметтерді алу үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін қысқартуға, сондай-ақ саланың сыбайлас жемқорлықты төмендетуге, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті беруші арасындағы байланысты болдырмау жолымен мүмкіндік берді.

Әкімдік мамандары халықпен онлайн режимде электрондық-цифрлық қолтаңбаларды алу мүмкіндігі туралы, мобильді азаматтар базасында мобильді нөмірлерді тіркеу қажеттілігі туралы, Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта одан әрі алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Ауылдық округ тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу мүмкіндігі үшін әкім аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, 78 электрондық қызмет көрсетілді.

Әкім аппаратында процестерді цифрландыру және автоматтандыру деңгейін арттыру, қызмет көрсету тиімділігі мен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қоғамдық қолжетімділік пункті (DIGITAL TERMINAL) орнатылған.

2. Мемлекетік қызметтерді көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатуға бағытталған іс шаралар

Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар тиісті Заңдарды, ережелерді, әдістемелік ұсынымдарды, мемлекеттік қызмет стандарттарын зерделеу арқылы өз білімдерін арттырады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында негіз қалаушы принциптерді және нормаларды белгілеу, қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында 2013 жылдың 15 сәуірі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заң қабылданды, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиісті Қағидалары бекітілді.

IV. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәлімет

Шағымның мәні

Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған оган (ұйым)

Қарастыру күні

Шағымды қарастыру қортындысы бойынша құжат №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

-

-

-

-

-

-

-

Есеп беру кезеңінде қызмет алушылардан мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

2022 жылғы 14 қазанда Сандықтау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі бас инспекторы 2022 жылғы 1 қаңтардан 1 қазанға дейінгі кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасының сақталуына ішкі бақылау жүргізді, оның қорытындысы бойынша ауданда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту үшін тиісті ұсынымдар берілді.  Мәселе үнемі бақылауда.

Мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарлатуға тұрақты негіздегі жұмыстарына сәйкес, ішкі бақылаудың нәтижелері – қызметті алушылар жағынан есеп беру кезеңінде ескертулер, сонымен бірге шағымдардың жоқтығы болып табылады.

Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасын бақылау мақсатында ай сайын мемлекеттік қызметті ұсыну есептілігі жинақталады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын қоғамдық мониторингілеу нәтижелері

2022 жылы "Жаңа шабыт" қоғамдық бірлестігі Ақмола облысы бойынша Сандықтау ауданын қосқанда мемлекеттік қызметті ұсыну сапасына қоғамдық мониторингілеу өткізілді, оның нәтижесі бойынша ауданда мемлекеттік қызметті көрсету сапасын жақсарту үшін ауданның көрсетілетін қызметті берушілеріне тиісті ұсыныстар берілді. Бұл мәселе тұрақты бақылауда.

V. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызметті алушылардың қанағаттануын жоғарлату және одан әрі тиімділігінің перспективалары

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша тиімді жұмыс істеуі үшін, сонымен бірге мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызмет алушылардың қанағатануын жоғарлату мақсатында:

1. Жауапты қызметкерлер мемлекеттік қызметтерді ұсыну саласында біліктілігін тұрақты түрде жоғарылатады;

2. Мемлекеттік қызметтердің стандарттарын, регламенттерін талқылау үшін, туындаған мәселелер бойынша қызмет алушылармен кездесулер, семинарлар өткізіледі, қортындысы бойынша жоғары тұрған органға ұсыныстар енгізілетін болады;

3. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және электронды пішімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрін арттыру бойынша жұмыс жалғастырылады;

4. Ауылдық округ әкімі аппаратында көрсетілетін қызметті берушілерімен мемлекеттік қызметті уақытылы ұсынуға арналған барлық тиісті шаралар қабылданады;

5. "Сандықтау ауданы әкімінің аппараты" ММ Интернет-ресурсы арқылы мемлекеттік органның ресми станцияларында БАҚ - та,әлеуметтік желілерде көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілетін болады- sand.akmo.gov.kz "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы, сондай-ақ электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы.

Дата публикации
02 марта 2022
Дата обновления
27 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
инфографикалар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
14 октября 2026
Күнтізбелік жоспар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы