Меню

Страницы

Статья

Сандықтау ауданы Максимов ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметі туралы 2020 жылға арналған есебі

I. Жалпы мәлімет

1. Ауданда мемқызметтерді көрсетілуіне бақылау жасайтын мекеме туралы мәлімет

Ұйымның атауы

Сандықтау ауданы «Максимов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ

Орналасқан жері

Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Максимов ауылдық округі, Максимовка ауылы, Жумабек Тәшенев көшесі 20А, байланыс телефоны: 8(71640) 9-72-35, 9-74-30

Округ әкімі

Атыгаев Ербол Бисенбаевич

Ауданда мемлекетттік қызметті ұсыну сапасына, мониторингіге жауапты тұлғалар

Гордеева  Марина Сергеевна – «Максимов ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ бас маманы

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Барлық мемлекеттік қызметтердін саны

Мемкорпорация және «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Тегін көрсетілетін мемлекеттік қызметердің саны

Ақылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттарының саны

Мемлекеттік қызметтердің бекітілген регламенттерінің саны

 

6 қызмет

3

6

0

6

6

 

3. Жиі талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

№ р/б

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің атауы

2020 жылы көрсетілген қызметтер-дің саны

Ескерту

 

1

Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру

Максимов ауылдық округі әкімінің аппараты

9

Қызмет тікелей көрсетілетін қызметті беруші ұсынады

 

2

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

1

Электронды үкімет порталы арқылы

 

3

Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру

0

Қызмет  талап етілмеген

 

4

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу

1

Қызмет мемкорпорация арқылы талап етілген

 

5

Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату

1

Қызмет мемкорпорация арқылы талап етілген

 

6

Жер учаскесін алу үшін кезекке қою

0

Қызмет  талап етілмеген

 

БАРЛЫҒЫ:

12

оның ішінде: 

ААҮ МК арқылы – 3

 

II. Қызметті алушылармен жұмыс істеу

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері және орындары туралы мәлімет

1)

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет ресурсында sand.akmo.gov.kz «Мемлекеттік қызметтер» тарауында салалар бойынша орналастырылған.

2)

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы көрнекі ақпарат  «Максимов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ стендтерінде орналастырылған, әрбір көрсетілетін мемқызметтердің түрлері бойынша үлестірме мәліметтер – буклеттер қолда бар.

3)

Ауылдық округтін әкімшілік ғимаратының жанында «Электрондық үкімет» egov.kz. ақпараттық баннер орналасқан.

4)

Ауданның БАҚ мемлекеттік қызметті ұсыну тәртібі туралы аудан тұрғындарын ақпараттандыру бойынша айсайын жұмыс өткізіледі.

2. Мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын ашық талқылау туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының электронды Үкіметі порталы egov.kz. «Азаматтар және Үкімет» «Ашық талқылау» тарауында стандарттар жобаларын талқылау мүмкіндіктерін түсіндіру бойынша ауылдық округтін тұрғындарымен тұрақты негізде жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар  «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет ресурсында sand.akmo.gov.kz «Мемлекеттік қызметтер» тарауында салалар бойынша орналастырылған.

2020 жылдың есепті кезеңінде мемлекетік қызмет көрсететін ауылдық округ әкімі аппаратына аудан тұрғындарынан есепті кезеңде стандарттар жобаларына өзгертулер немесе толықтырулар туралы ұсыныстар келіп түскен жоқ.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында айқындықты қамтамасыз етуге бағытталған іс шаралар

Көрсетілетін қызметті алушылар жүгінген кезде ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары мемлекеттік қызметті көрсету үрдісі туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі, сонымен қатар халық алдында ауылдық округ әкімінің есеп беру кездесулерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша сұрақтар түскен жағдайда, толық жауап беріледі, есеп беру кезеңіне көрсеткіштер айтылады, туындайтын сұрақтар және ұсыныстар талқыланады.

III.Мемлекеттік қызметтер көрсету барыстарын жетілдіру бойынша ызмет

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін оңтайландыру және автоматизациялар нәтижелері.

Ауылдық округ әкімі аппаратымен көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметті ұсынудың үдерісін жылдамдату және жеңілдету мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру болып табылады.

ҚР egov.kz электронды үкіметінің порталында мемлекетік қызметтің 28 түрі ауданның деңгейінде электронды пішімде көрсету үшін автоматтандырылған.

Мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізу қызметті ұсыну мерзімін, мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін қысқартуға, сонымен қатар қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасындағы байланысты алып тастау арқылы осы саланың сыбайлас жемқорлығын азайтуға мүмкіндік берді.

Ауылдық округ әкімі аппараты мамандарымен электронды-сандық қол қоюды алу қажеттілігі және одан әрі мемлекеттік қызметті электронды пішімде алу туралы түсініктеме жұмысы жүргізіледі.

Ауылдық округ тұрғындарымен мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі үшін ауылдық округ әкімінің әкімшілік ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған. 

2. Мемлекетік қызметтерді көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатуға бағытталған іс шаралар

Мемлекеттік қызметті ұсынуға жауапты ауылдық округ әкімі, мамандары  өздерінің білімдерін тиісті Заңдарды, қағидаларды, әдістемелік ұсыныстаржы, мемлекетік қызметтердің стандарттар мен регламенттерін оқу арқылы көтереді.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында негіз қалаушы принциптерді және нормаларды белгілеу, қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында 2013 жылдың 15 сәуірі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заң қабылданды. Мемлекеттің, азаматтардың құқықтарын және мүделерін сақтау мақсатында мемлекеттік қызметтердің жаңа стандартары және регламенттері және тиісті қағидалар қабылдануда.

IV. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәлімет

Шағымның мәні

Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған оган (ұйым)

Қарастыру күні

Шағымды қарастыру қортындысы бойынша құжат №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

-

-

-

-

-

-

-

Есеп беру кезеңінде қызмет алушылардан мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

Мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарлатуға тұрақты негіздегі жұмыстарына сәйкес, ішкі бақылаудың нәтижелері – қызметті алушылар жағынан есеп беру кезеңінде ескертулер, сонымен бірге шағымдардың жоқтығы болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын қоғамдық мониторингілеу нәтижелері

2020 жылы "SANGE" зерттеу орталығымен Ақмола облысы бойынша Сандықтау ауданын қосқанда мемлекеттік қызметті ұсыну сапасына қоғамдық мониторингілеу өткізілді, оның нәтижесі бойынша ауданда мемлекеттік қызметті көрсету сапасын жақсарту үшін ауданның көрсетілетін қызметті берушілеріне тиісті ұсыныстар берілді. Бұл мәселе тұрақты бақылауда.

V. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызметті алушылардың қанағаттануын жоғарлату және одан әрі тиімділігінің перспективалары

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді одан әрі тиімді жұмыс істеуі үшін, сонымен бірге мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызмет алушылардың қанағатануын жоғарлату мақсатында:

1. Жауапты қызметкерлер мемлекеттік қызметтерді ұсыну саласында біліктілігін тұрақты түрде жоғарылатады;

2. Мемлекеттік қызметтердің стандарттарын, регламенттерін талқылау үшін, туындаған мәселелер бойынша қызмет алушылармен кездесулер, семинарлар өткізіледі, қортындысы бойынша жоғары тұрған органға ұсыныстар енгізілетін болады;

3. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және электронды пішімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрін арттыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады;

4. Ауылдық округтін  қызметті берушілерімен мемлекеттік қызметті уақытылы ұсынуға арналған барлық тиісті шаралар қабылданады;

5. Тұрақты негізде электронды түрде және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыстар БАҚ, «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ sand.akmo.gov.kz  интернет-ресурсында және басқа да веб-сайттар арқылы жүргізіледі.

Документ

Сандықтау ауданының «Максимовка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1.Жария талқылау өткізу күні: 2021 жылдың 1 наурызынан 30 наурызына дейін.

2.Жария талқылау өткізу тәсілі: «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет-ресурсінде sand.akmo.gov.kz «Мемлекеттік қызметтер» тарауына мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметі туралы есепті орналастыру

3.Жария талқылау өткізу туралы құлақтандыру тәсілі: «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет-ресурсінде 26.02.2021 жылғы жаңалықтар тізбесінде, сондай-ақ қоғамдық орындарында хабарландыруды орналастыру.

4.Жария талқылауға қатысушылардың ұсыныстары және (немесе) ескертулерінің тізбесі: ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.

№ р/р

Жеке тұлғаның Т.А.Ә., ұсыныс және (немесе) ескерту енгізген ұйымдардың атауы

Жария талқылау аясында келіп түскен ұсыныс және (немесе) ескертудің қысқаша мазмұны

Ұсыныс және (немесе) ескертуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәлімет

Ұсыныс және (немесе) ескертуді қабылдау немесе қабылдамау бойынша негіз

ескерту

1

2

3

4

5

6

 

-

-

-

-

-

Қосымша мәлімет: жоқ.

Максимовка ауылдық округінің әкімі

_______________________ Е.Атыгаев

Дата публикации
25 февраля 2021
Дата обновления
25 февраля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
инфографикалар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
14 октября 2026
Күнтізбелік жоспар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы