Меню

Страницы

Статья

Белгород ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметі туралы 2020 жылға арналған есебі

Документ

I. Жалпы мәлімет

1. Ауданда мемқызметтерді көрсетілуіне бақылау жасайтын мекеме туралы мәлімет

Ұйымның атауы

Сандықтау ауданы «Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ

Орналасқан жері

Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Белгородское ауылы, Целинная көшесі  № 20 үй, байланыс телефоны: 8(71640) 9-45-24, 9-05-92

Аудан әкімі

Жанғожин Бауырбек Нұрғожаұлы

Ауданда мемлекетттік қызметті ұсыну сапасына, мониторингіге жауапты тұлғалар

 

Авдеева Марина Михайловна, «Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ

 бас маманы

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Барлық мемлекеттік қызметтердін саны

Мемкорпорация және «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Тегін көрсетілетін мемлекеттік қызметердің саны

Ақылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттарының саны

Мемлекеттік қызметтердің бекітілген регламенттерінің саны

 

6 қызмет

6

5

1

6

-

 

3. Жиі талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

№ р/б

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің атауы

2020

 жылы көрсетілген қызметтер-дің саны

Ескерту

 

1

Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету

«Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ

18

Қызмет тікелей қызмет көрсетушімен көрсетілді

 

2

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

1

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген

 

3

Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру

2

1 дәлелді бас тарту

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген

 

4

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу

1

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген

 

5

Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату

 

0

2020 жылы сұранылмаған

 

6

Жер учаскесін алу үшін кезекке қою

 

0

2020 жылы сұранылмаған

 

 

БАРЛЫҒЫ:

 

22

Оның ішінде:

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген – 4;

Мемлекеттік орган арқылы тікелей көрсетілген -18

 

II. Қызметті алушылармен жұмыс істеу

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері және орындары туралы мәлімет

1)

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет ресурсында sand.akmo.gov.kz «Мемлекеттік қызметтер» тарауында салалар бойынша орналастырылған.

2)

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы көрнекі ақпарат «Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ стендтерінде орналастырылған, әрбір көрсетілетін мемқызметтердің түрлеру бойынша үлестірме мәліметтер – буклеттер қолда бар.

3)

Ауылдық округ әкімдері аппараттарының әкімшілік ғимараттарының жанында «Электрондық үкімет» egov.kz. ақпараттық баннерлері орналасқан.

4)

Ауданның БАҚ мемлекеттік қызметті ұсыну тәртібі туралы тұрғындарды ақпараттандыру бойынша айсайын жұмыс өткізіледі, 2020 ауданның жылы БАҚ 1 мақала жарияланды.

2. Мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын ашық талқылау туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының электронды Үкіметі порталы egov.kz. «Азаматтар және Үкімет» «Ашық талқылау» тарауында стандарттар жобаларын талқылау мүмкіндіктерін түсіндіру бойынша ауылдық округтін тұрғындарымен тұрақты негізде жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар  «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет ресурсында sand.akmo.gov.kz «Мемлекеттік қызметтер» тарауында салалар бойынша орналастырылған.

2020 жылдың есепті кезеңінде мемлекетік қызмет көрсететін ауыл әкімінің аппаратына, мемлекеттік органдарға тұрғындардан есепті кезеңде стандарттар жобаларына өзгертулер немесе толықтырулар туралы ұсыныстар келіп түскен жоқ.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында айқындықты қамтамасыз етуге бағытталған іс шаралар

Көрсетілетін қызметті алушылар жүгінген кезде ауданның мемлекетттік органдарының мамандары мемлекеттік қызметті көрсету үрдісі туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі, сонымен қатар халық алдында ауылдық округ әкімінің есеп беру кездесулерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша сұрақтар түскен жағдайда, толық жауап беріледі, есеп беру кезеңіне көрсеткіштер айтылады, туындайтын сұрақтар және ұсыныстар талқыланады. Мемлекеттік қызметтер көрсету Қағидаларға қатаң сәйкестікте жүргізіледі.

III.Мемлекеттік қызметтер көрсету барыстарын жетілдіру бойынша қызмет

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін оңтайландыру және автоматизациялар нәтижелері.

Ауданның көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметті ұсынудың үдерісін жылдамдату және жеңілдету мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру болып табылады.

Мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізу қызметті ұсыну мерзімін, мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін қысқартуға, сонымен қатар қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасындағы байланысты алып тастау арқылы осы саланың сыбайлас жемқорлығын азайтуға мүмкіндік берді. Әкімдік мамандарымен халыққа электрондық-цифрлық қолтаңбаларды онлайн режимінде алу мүмкіндігі туралы, Мобильдік азаматтар базасында мобильдік нөмірлерді тіркеу қажеттілігі туралы, Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта одан әрі алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Ауылдық округ тұрғындарымен мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған, 87  электрондық қызмет көрсетілді.

2. Мемлекетік қызметтерді көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатуға бағытталған іс шаралар

Мемлекеттік қызметті ұсынуға жауапты маман өздерінің білімдерін тиісті Заңдарды, қағидаларды, әдістемелік ұсыныстаржы, мемлекетік қызметтердің стандарттар мен регламенттерін оқу арқылы көтереді. 2020 жылы 2 адам (ауылдық округ әкімі Б.Н.Жанғожин, бас маман М.Авдеева) біліктілігін жоғарылату курстарын өтті. 

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында негіз қалаушы принциптерді және нормаларды белгілеу, қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында 2013 жылдың 15 сәуірі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заң қабылданды, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиісті Қағидалары бекітілді.

IV. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәлімет

Шағымның мәні

Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған оган (ұйым)

Қарастыру күні

Шағымды қарастыру қортындысы бойынша құжат №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

-

-

-

-

-

-

-

Есеп беру кезеңінде қызмет алушылардан мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

Мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарлатуға тұрақты негіздегі жұмыстарына сәйкес, ішкі бақылаудың нәтижелері – қызметті алушылар жағынан есеп беру кезеңінде ескертулер, сонымен бірге шағымдардың жоқтығы болып табылады.

Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасын бақылау мақсатында ай сайын мемлекеттік қызметті ұсыну есептілігі жинақталады.

2020 жылғы 3 қаңтар мен 2020 жылғы 29 мамыр аралығында "Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау жүргізілді

Бұзушылықтар анықталған жоқ.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын қоғамдық мониторингілеу нәтижелері

2018 жылы "SANGE" зерттеу орталығымен Ақмола облысы бойынша Сандықтау ауданын қосқанда мемлекеттік қызметті ұсыну сапасына қоғамдық мониторингілеу өткізілді, оның нәтижесі бойынша ауданда мемлекеттік қызметті көрсету сапасын жақсарту үшін ауданның көрсетілетін қызметті берушілеріне тиісті ұсыныстар берілді. Бұл мәселе тұрақты бақылауда.

V. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызметті алушылардың қанағаттануын жоғарлату және одан әрі тиімділігінің перспективалары

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша тиімді жұмыс істеуі үшін, сонымен бірге мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызмет алушылардың қанағатануын жоғарлату мақсатында:

1. Жауапты қызметкерлер мемлекеттік қызметтерді ұсыну саласында біліктілігін тұрақты түрде жоғарылатады;

2. Мемлекеттік қызметтердің стандарттарын, регламенттерін талқылау үшін, туындаған мәселелер бойынша қызмет алушылармен кездесулер, семинарлар өткізіледі, қортындысы бойынша жоғары тұрған органға ұсыныстар енгізілетін болады;

3. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және электронды пішімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрін арттыру бойынша жұмыс жалғастырылады, осы мақсатта тоқсан сайын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізіледі;

4. Ауылдық округ әкімі аппаратында көрсетілетін қызметті берушілерімен мемлекеттік қызметті уақытылы ұсынуға арналған барлық тиісті шаралар қабылданады;

5. Тұрақты негізде ауданның мемлекеттік мекемелерінде электронды түрде және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыстар БАҚ, «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ интернет-ресурсында және басқа да веб-сайттар арқылы жүргізіледі.

Сандықтау ауданының «Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1.Жария талқылау өткізу күні: 2021 жылдың 1 наурызынан 30 наурызына дейін.

2.Жария талқылау өткізу тәсілі: «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет-ресурсінде sand.akmo.gov.kz «Мемлекеттік қызметтер» тарауына мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметі туралы есепті орналастыру

3.Жария талқылау өткізу туралы құлақтандыру тәсілі: «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет-ресурсінде 26.02.2021 жылғы жаңалықтар тізбесінде, сондай-ақ қоғамдық орындарында хабарландыруды орналастыру.

4.Жария талқылауға қатысушылардың ұсыныстары және (немесе) ескертулерінің тізбесі: ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.

№ р/р

Жеке тұлғаның Т.А.Ә., ұсыныс және (немесе) ескерту енгізген ұйымдардың атауы

Жария талқылау аясында келіп түскен ұсыныс және (немесе) ескертудің қысқаша мазмұны

Ұсыныс және (немесе) ескертуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәлімет

Ұсыныс және (немесе) ескертуді қабылдау немесе қабылдамау бойынша негіз

ескерту

1

2

3

4

5

6

 

-

-

-

-

-

Қосымша мәлімет: жоқ.

Белгород ауылдық округінің әкімі

_______________________ Б. Жанғожин

Дата публикации
25 февраля 2021
Дата обновления
25 февраля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
инфографикалар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
14 октября 2026
Күнтізбелік жоспар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы