Меню

Страницы

Статья

«Сандықтау ауданының білім бөлім» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету аясында 2020 жылғы қызметі туралы есеп

I. Жалпы мәлімет

1. Ауданда мемқызметтерді көрсетілуіне бақылау жасайтын мекеме туралы мәлімет

Ұйымның атауы

«Сандықтау ауданының білім бөлімі» ММ

Орналасқан жері

Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі. № 120 үй, байланыс телефоны: 8(71640) 9-16-83, 9-17-01, 9-28-52, 9-14-72

Басшы

Қайрмденов Жомарт Жамбылұлы

Мемлекеттік қызметтерді, мониторингті сапалы көрсетуге жауапты тұлғалар

Барахоева Полина Юнусовна – білім бөлімі секторының меңгерушісі

Кожевникова Екатерина Федоровна- мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты тұлға

Жакенов Аяған Амангелдіұлы – қамқорлық пен қамқоршылық бойынша бас маман

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Барлық мемлекеттік қызметтердін саны

Мемкорпорация және «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Тегін көрсетілетін мемлекеттік қызметердің саны

Ақылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттарының саны

Мемлекеттік қызметтердің бекітілген регламенттерінің саны

 

23 қызмет

9

23

0

23

23

 

3. Жиі талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

№ р/б

Мемлекеттік қызметтердің

Атауы

Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің атауы

2020 жылы көрсетілген қызметтер-дің саны

Ескерту

 

1

Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру

«Сандықтау ауданының білім бөлімі» ММ және ведомствалық бағынышты ұйымдар

0

2020 жылы талап етілмеген қызмет

 

2

Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу

4

"Электрондық үкімет" порталы арқылы талап етілетін қызмет

 

3

Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру

1

"Электрондық үкімет" порталы арқылы талап етілетін қызмет

 

4

Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру

0

2020 жылы талап етілмеген қызмет

 

5

Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру

0

2020 жылы талап етілмеген қызмет

 

6

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою

65

Қызмет балабақшалармен және аудан мектептерінің шағын орталықтарымен көрсетіледі

 

7

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау

222

Қызмет аудан мектептерімен көрсетіледі (26 қағаз түрінде және 196 ҚР БҒМ ақпараттық жүйесі арқылы)

 

8

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

423

Қызметті аудан мектептері ұсынады (30 қағаз түрінде және 393 ҚР БҒМ ақпараттық жүйесі арқылы)

 

9

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау

3

Қызмет аудан мектептерімен көрсетіледі (1 қағаз түрінде және 2 ҚР БҒМ ақпараттық жүйесі арқылы)

 

10

Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

54

Қызметті шығармашылық үйі мен музыка мектебі ұсынады

 

11

Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну

 

Қызмет тікелей қызмет көрсетушілермен көрсетіледі

 

12

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну

145

Қызмет тікелей қызмет көрсетушілермен көрсетіледі

 

13

Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру

0

2020 жылы талап етілмеген қызмет

 

14

Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру

1

"Электрондық үкімет" порталы арқылы талап етілетін қызмет

 

15

Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау

186

Қызмет аудан мектептерімен көрсетіледі (20 қағаз түрінде және 166 ҚР БҒМ ақпараттық жүйесі арқылы)

 

16

Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау

2

Мемлекеттік корпорация арқылы талап етілетін қызмет

 

17

Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау

3

"Электрондық үкімет" порталы арқылы талап етілетін қызмет

 

18

Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою

0

2020 жылы талап етілмеген қызмет

 

19

Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау

0

2020 жылы талап етілмеген қызмет

 

20

Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау

0

2020 жылы талап етілмеген қызмет

 

21

Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

 

29

Қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы, сондай – ақ аудан мектептерімен (ХҚКО арқылы-23 және 6 ҚР БҒМ ақпараттық жүйесі арқылы) көрсетіледі

 

22

Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау

2

Мемлекеттік корпорация арқылы талап етілетін қызмет

 

23

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн аттестаттаудан өткiзуге құжаттар қабылдау

119

Мемлекеттік корпорация арқылы талап етілетін қызмет

 

БАРЛЫҒЫ:

1254

оның ішінде:

ЭҮП арқылы – 72; тікелей қызмет көрсетушімен-271;

Мемлекеттік корпорация арқылы-148; ҚР БҒМ ақпараттық жүйесі арқылы-763;

 

II. Қызметті алушылармен жұмыс істеу

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері және орындары туралы мәлімет

1)

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат «Сандықтау ауданының білім бөлімі» ММ ресми интернет ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» тарауында салалар бойынша орналастырылған.

2)

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы көрнекі ақпарат білім бөлімінің стендтерінде, мемлекеттік және ведомствоға бағынысты білім ұйымдарында орналасқан. Қолда тағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтері әр түрі бойынша үлестірме материалдар бар.  

3)

Білім бөлімі ғимараттарының жанында «Электрондық үкімет» egov.kz. ақпараттық баннерлері орналасқан.

4)

Ауданның БАҚ мемлекеттік қызметті ұсыну тәртібі туралы аудан тұрғындарын ақпараттандыру бойынша айсайын жұмыс өткізіледі, 2020 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 23 түрі бойынша 6 мақала жарияланды.

2. Мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын ашық талқылау туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының электронды Үкіметі порталы egov.kz. «Азаматтар және Үкімет» «Ашық талқылау» тарауында стандарттар жобаларын талқылау мүмкіндіктерін түсіндіру бойынша ауылдық округтін тұрғындарымен тұрақты негізде жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар  «Сандықтау ауданының білім бөлімі» ММ ресми интернет ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» тарауында салалар бойынша орналастырылған.

2020 жылдың есепті кезеңінде мемлекетік қызмет көрсететін білім бөліміне, мемлекеттік органдарға аудан тұрғындарынан есепті кезеңде стандарттар жобаларына өзгертулер немесе толықтырулар туралы ұсыныстар келіп түскен жоқ.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында айқындықты қамтамасыз етуге бағытталған іс шаралар

Көрсетілетін қызметті алушылар жүгінген кезде білім бөлімінің мамандарымен және ведомствоға бағынысты ұйымдардың мемлекеттік қызметті көрсету үрдісі туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі, сонымен қатар халық алдында ауылдық білім бөлімінің Кеңестерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша сұрақтар түскен жағдайда, толық жауап беріледі, есеп беру кезеңіне көрсеткіштер айтылады, туындайтын сұрақтар және ұсыныстар талқыланады.

Ай сайын ауданда мемлекеттік қызметті көрсетудің өзекті мәселелерін талқылау бойынша кеңес өткізіледі, 2020 жылы 6 түсіндіру жұмысы (кеңестер, семинарлар, дөңгелек үстелдер) өткізілді.

III.Мемлекеттік қызметтер көрсету барыстарын жетілдіру бойынша ызмет

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін оңтайландыру және автоматизациялар нәтижелері.

Ауданның көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметті ұсынудың үдерісін жылдамдату және жеңілдету мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру болып табылады.

ҚР egov.kz электронды үкіметінің порталында мемлекетік қызметтің түрі ауданның деңгейінде электронды пішімде көрсету үшін автоматтандырылған.

Мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізу қызметті ұсыну мерзімін, мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін қысқартуға, сонымен қатар қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасындағы байланысты алып тастау арқылы осы саланың сыбайлас жемқорлығын азайтуға мүмкіндік берді.

Аудан тұрғындары арасында ауданның мемлекеттік органдарының мамандарымен электронды-сандық қол қоюды алу қажеттілігі және одан әрі мемлекеттік қызметті электронды пішімде алу туралы түсініктеме жұмысы жүргізіледі.

Электронды пішімде мемлекеттік қызметті ұсынуға тартылған ауданның мемлекеттік мекемелерінде «Е-әкімдік» және «Е-лицензиялау» ХҚКО МДБ ақпараттық жүйелерімен белсенді жұмыс жүргізіледі.

Ауылдық округ тұрғындарымен мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі үшін барлық ауылдық округ әкімдерінің әкімдік ғимараттарында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған. 

2. Мемлекетік қызметтерді көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатуға бағытталған іс шаралар

Мемлекеттік қызметті ұсынуға жауапты бөлім және ведомствалық бағынышты мекемелердің басшылары, ауылдық округ әкімдері, мамандары (барлығы 54 адам) өздерінің білімдерін тиісті Заңдарды, қағидаларды, әдістемелік ұсыныстаржы, мемлекетік қызметтердің стандарттар мен регламенттерін оқу арқылы көтереді.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында негіз қалаушы принциптерді және нормаларды белгілеу, қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында 2013 жылдың 15 сәуірі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заң қабылданды. Мемлекеттің, азаматтардың құқықтарын және мүделерін сақтау мақсатында мемлекеттік қызметтердің жаңа стандартары және регламенттері және тиісті қағидалар қабылдануда.

IV. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәлімет

Шағымның мәні

Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған оган (ұйым)

Қарастыру күні

Шағымды қарастыру қортындысы бойынша құжат №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

-

-

-

-

-

-

-

Есеп беру кезеңінде қызмет алушылардан мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

Мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарлатуға тұрақты негіздегі жұмыстарына сәйкес, ішкі бақылаудың нәтижелері – қызметті алушылар жағынан есеп беру кезеңінде ескертулер, сонымен бірге шағымдардың жоқтығы болып табылады.

Мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімінің бұзулуының алдын алу үшін күнделікті ХҚКО ИАЖ мониторинг өткізіледі.

Ауданда мемлекеттік қызметті ұсыну сапасын бақылау мақсатында ай сайын ауданның барлық білім бөлімімен мемлекеттік қызметті ұсыну есептілігі жинақталады.

Жыл сайын мемлекетттік қызметті ұсыну саласында меморгандардың қызметін тексеру іске асырылады, қорытындысы бойынша анықталған ескертулер тез арада жойылады, тексеріс кезінде ұсыныстар, тапсырмалар беріледі, тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданады.

V. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызметті алушылардың қанағаттануын жоғарлату және одан әрі тиімділігінің перспективалары

Сандықтау ауданының қызмет көрсетушілерінің мемлекеттік қызиметті көрсету бойынша жұмыстарының ары қарай нәтижелілігі үшін, сонымен қатар қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге қанағаттанушылығын жоғарлату мақсатында:

1. Бөлім басшылары мен мамандары, ауылдық округтердің әкімдері мен мамандары, ведомствалық бағынышты ұйымдардың басшылары мен мамандары мемлекеттік қызметтерді ұсыну саласында біліктілігін тұрақты түрде жоғарылатады;

2. Мемлекеттік қызметтердің стандарттарын, регламенттерін талқылау үшін, туындаған мәселелер бойынша қызмет алушылармен кездесулер, семинарлар өткізіледі, қортындысы бойынша жоғары тұрған органға ұсыныстар енгізілетін болады;

3. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және электронды пішімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрін арттыру бойынша жұмыс жалғастырылады, осы мақсатта тоқсан сайын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізіледі;

4. Сандықтау ауданының көрсетілетін қызметті берушілерімен мемлекеттік қызметті уақытылы ұсынуға арналған барлық тиісті шаралар қабылданады;

5. Тұрақты негізде ауданның мемлекеттік мекемелерінде электронды түрде және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыстар БАҚ, «Сандықтау ауданының білім бөлімі» ММ интернет-ресурсында және басқа да веб-сайттар арқылы жүргізіледі.

Отчет

«Сандықтау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1.Жария талқылау өткізу күні: 2021 жылдың 1 наурызынан 30 наурызына дейін.

2.Жария талқылау өткізу тәсілі: «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет-ресурсінде sand.akmo.gov.kz «Мемлекеттік қызметтер» тарауына мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметі туралы есепті орналастыру

3.Жария талқылау өткізу туралы құлақтандыру тәсілі: «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет-ресурсінде 26.02.2021 жылғы жаңалықтар тізбесінде, сондай-ақ қоғамдық орындарында хабарландыруды орналастыру.

4.Жария талқылауға қатысушылардың ұсыныстары және (немесе) ескертулерінің тізбесі: ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.

№ р/р

Жеке тұлғаның Т.А.Ә., ұсыныс және (немесе) ескерту енгізген ұйымдардың атауы

Жария талқылау аясында келіп түскен ұсыныс және (немесе) ескертудің қысқаша мазмұны

Ұсыныс және (немесе) ескертуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәлімет

Ұсыныс және (немесе) ескертуді қабылдау немесе қабылдамау бойынша негіз

ескерту

1

2

3

4

5

6

 

-

-

-

-

-

Қосымша мәлімет: жоқ.

Сандықтау ауданы білім бөлімінің

басшысы _______________________ Ж. Қайырымденов

Дата публикации
26 февраля 2021
Дата обновления
26 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
инфографикалар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
14 октября 2026
Күнтізбелік жоспар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы