Ақмола облысының Сандықтау ауданының атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметі туралы 2020 жылға арналған есебі
1. Жалпы ережелер
Сандықтау ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтерді көрсетуі мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесіне кіреді.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № №88-V Заңын және бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын басшылыққа алады.
Сандықтау ауданы бойынша 56 мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
Ауданның жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтің 85 түрін көрсетеді. Мемлекеттік қызметтің 12 түрі ақылы, 73 түрі тегін көрсетіледі.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтердің саны – 4870, оның ішінде:
- Мемлекеттік корпорация арқылы – 1904;
- электронды түрде барлығы – 2078 (ЭҮП, көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері);
- көрсетілетін қызметті берушілер арқылы – 1698.
Мемлекеттік қызметтің көрсету тәртібін анықтайтын бекітілген нормативтік құқықтық актілердің саны 85.
3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
2020 жылы аса қажет етілген мемлекеттік қызметтер:
- «Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу» – 700;
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» – 423.
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Ауылдық округтер аппараттарының ғимараттарында, мектептерде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары орнатылған, онда электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін барлық қажетті техника бар.
Қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған стенділер жабдықталған.
Сонымен қатар Сандықтау ауданының Интернет-ресурсында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары орналасқан «Мемлекеттік қызметтер» тарауы бар.
2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
2020 жылы Сандықтау ауданының жергілікті атқарушы органдарына тұрғындардан ұсыныстар түскен жоқ, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары туралы ұсыныстар түскен жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Айсайын ауданның БАҚ мемлекеттік қызметтерді көрсету тәрітібі туралы аудан тұрғындарын ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі, 2020 жылы мемлекеттік қызметтің 99 түрі бойныша 16 мақала, Инстаграмм әлеуметтік желісінде 61 мақала жаряиланды, 10 тікелей эфир өткізілді, барлығы 100% құрады.
Қажеттілігіне қарай ауданда мемлекеттік қызмет көрсетудің проблемалық мәселелерін талқылау бойынша кеңестер өткізіледі, 2020 жылы барлығы аудан әкімдігінің 2 отырысы және 7 түсіндіру іс-шаралары (кеңестер, семинарлар, дөңгелек үстелдер, ауданның қоғамдық кеңесі алдында сөз сөйлеу) өткізілді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандырудың мақсаты ауданның қызмет көрсетушілерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін жеңілдету және жеделдету болып табылады. Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жұмыстарды жүргізу қызметтерді көрсету мерзімдерін, Мемлекеттік қызметтерді алу үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін қысқартуға, сондай-ақ саланың сыбайлас жемқорлықты төмендетуге мүмкіндік берді, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті беруші арасындағы байланысты болдырмау арқылы.
Ауданның мемлекеттік органдарының мамандары және ведомстволық бағынысты ұйымдары алдағы уақытта мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу мүмкіндігі үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаларды алу қажеттілігі туралы аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ауданның мемлекеттік мекемелерінде "Е-әкімдік", "Е-Лицензиялау" МДҚ ақпараттық жүйелерімен жұмыс белсенді жүргізілуде. Ақмола.KZ".
Ауылдық округтер әкімдері аппараттарының барлық әкімшілік ғимараттарында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары орнатылған, олар ауылдық округтер тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу мүмкіндігі үшін.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Бөлімдердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар (барлығы 108 адам) өз білімдерін тиісті Заңдарды, қағидаларды, әдістемелік ұсынымдарды, мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын зерделеу арқылы арттырады.
2020 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында 24 адам біліктілігін арттыру курсынан өтті.
2020 жылы Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді талдау бөлімімен Сандықтау ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызмет көрсетушілері арасында мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша техникалық оқу өткізілді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында негіз қалаушы принциптерді және нормаларды белгілеу, қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында 2013 жылдың 15 сәуірі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заң қабылданды. Мемлекеттің, азаматтардың құқықтарын және мүделерін сақтау мақсатында мемлекеттік қызметтердің тиісті қағидалары қабылдануда.
4.Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2020 жылы Сандықтау ауданының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына шағым түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Сандықтау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы №А-11/383 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтаудың 2020 жылға арналған бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес, Сандықтау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау бөлімінің мамандарымен 11 бақылау іс-шарасы өткізілді. Бақылаулы іс-шаралардың қорытындысы бойынша 14 ұсыныс берілді. Өткізілген бақылаулы іс-шаралардың қорытындысы бойынша «Сандықтау ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ бас маманы Т.А. Ковальға есептік мәліметтердің алшақтығына тәртіптік жаза ескерту қолданылды.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
2020 жылы Сандықтау ауданының жергілікті атқарушы органдары арасында уәкілетті органмен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жүргізілген жоқ.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін одан әрі арттыру және қызмет алушылардың қанағаттануын арттыру мақсатында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде:
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);
-мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стендтерді жаңарту, мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін ауданның ресми интернет-ресурсында уақтылы орналастыру, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мақалаларды аудандық газетте, әлеуметтік желілер беттерінде жариялау;
- «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметтерді дәріптеу және ақпараттандыру бойынша іс-шаралар өткізу;