Сандықтау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2020 ж. 22 қазанындағы № 37/1 ҚАУЛЫСЫ

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Сандықтау аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2), 8) тармақшасына, сәйкес аудандық аумақтық комиссия

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Сандықтау аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Қаулы сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.

 

Аудандық аумақтық

сайлау комисиясының

төрайымы                                                                     С.Назарович                               

 

Аудандық аумақтық

сайлау комисиясының

хатшысы                                                                     А.Тасмагамбетова

 

Сандықтау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2020 ж. 22 қазанындағы № 37/1 ҚАУЛЫСЫ
Дата публикации
20 ноября 2020