Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкiн референдум учаскелерiнiң тiзбесiн бекiту туралы

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 3-тармағының негізінде учаскелік комиссиялардың ұсынысы бойынша Сандықтау аудандық аумақтық референдум комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Егер тізімге енгізілген барлық сайлаушылар дауыс берсе, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін референдум учаскелерінің тізбесі бекітілсін:

№

п/п

Референдум учаскесінің №

Учаскенің орналасқан жері

1.

№598 УРК

Балкашино а., Әлихан Бөкейханов көшесі, 1, Сандықтау аудандық ауруханасы;

2.

№794 УРК

Балкашино а., Абай көшесі, 101, уақытша ұстау изоляторы.

  1. Осы референдум учаскелерiнде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейiн басталсын.
  2. Осы шешім Сандықтау ауданының аумақтық референдум комиссиясының интернет-бетінде жариялансын.
  3. Осы шешімнің көшірмесі Ақмола облыстық референдум комиссиясына жолдансын.

 

 

Сандықтау аудандық

аумақтық референдум

комиссиясының төрайымы                                                  К.Әуезхан

 

Сандықтау аудандық

аумақтық референдум

комиссиясының хатшысы                                                   А. Тасмағамбетова

 

 

Дата публикации
05 марта 2026