«Сандықтау ауданының елді мекендерінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы» бірлескен Сандықтау ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № А-7/192 қаулысына және Сандықтау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 23/9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Сандықтау ауданының әкімдігі

Ақмолаоблысы, Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы

2026 жылғы «__» _________

№ _____

Сандықтау аудандық мәслихаты

Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы

2026 жылғы «__» ___________

№ _____

 

Балкашино ауылы                                                                                                                            село Балкашино

 

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ мен ШЕШІМ

 

«Сандықтау ауданының елді мекендерінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы» бірлескен Сандықтау ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № А-7/192 қаулысына және Сандықтау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 23/9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Сандықтау ауданының елді мекендерінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы» бірлескен Сандықтау ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № А-7/192 қаулысына және Сандықтау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 23/9 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімінің 7, 8, 9, 10, 14, 40-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

«7. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 7-қосымшаға сәйкес жалпы аланы 1247,0 гектар Сандықтау ауданы Ақсораң ауылдық округі Меньшиковка ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін;

  1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 8-қосымшаға сәйкес жалпы аланы 75,2 гектар Сандықтау ауданы Ақсораң ауылдық округі Смольное ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін;
  2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 9-қосымшаға сәйкес жалпы аланы 99,5 гектар Сандықтау ауданы Ақсораң ауылдық округі Маралды ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін;
  3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 10-қосымшаға сәйкес жалпы аланы 1096,0 гектар Сандықтау ауданы Ақсораң ауылдық округі Құмдыкөл ауылышекарасы (шегі) белгіленсін;
  4. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 14-қосымшаға сәйкес жалпы аланы 2827,7 гектар Сандықтау ауданы Веселов ауылдық округі Байдалы ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін;
  5. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 40-қосымшаға сәйкес жалпы аланы 851,4 гектар Сандықтау ауданы Ақсораң ауылдық округі Новоникольское ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін;»;

көрсетілген бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімінің 25-тармағы алынып тасталсын;

көрсетілген бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешіміне 25-қосымша алынып тасталсын.

  1. Осы бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бірлескен Сандықтау ауданы әкімдігінің қаулысы және Сандықтау аудандық шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сандықтау ауданының әкімі                                                              С. Құдабай

 

 

Сандықтау аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                                         Г. Мустафина

Дата публикации
18 февраля 2026