«Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметі туралы 2025 жылға арналған есебі

I. Жалпы мәлімет

1. Ауданда мемқызметтерді көрсетілуіне бақылау жасайтын мекеме туралы мәлімет

Ұйымның атауы

«Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

Орналасқан жері

Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі. №119 үй, байланыс телефоны:  8(71640) 9-17-43, 9-13-03, 9-17-27

Бөлім басшысы

Жаднова Надежда Витальевна

Мемлекеттік қызметті көрсетуші мамандар

Абдуахитова Орынбасар Аскаровна

Сенькова Наталья Петровна

Бимжанова Гульдем Канатовна

2.  Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Барлық мемлекеттік қызметтердін саны

Мемкорпорация және «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Тегін көрсетілетін мемлекеттік қызметердің саны

Ақылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Мемлекеттік қызметтердің бекітілген қағидалардың саны

 

16 қызмет

15

16

 

-

16

 

3. Жиі талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

№ р/б

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің атауы

2025 жылы көрсетілген қызметтер-дің саны

Ескерту

 

1

Мүгедек-балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу

«Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8

Қызмет «электронды үкімет» порталы арқылы талап етілген

 

2

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау

115

ЭҮП

 

3

Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау

213

Қызмет тікелей көрсетілетін қызметті беруші ұсынады

 

4

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру

2

Қызмет мемлекеттік корпорация және «электронды үкімет» порталы арқылы талап етілген

 

5

Ақталған адамға куәлік беру

0

2025 жылы талап етілмеген

 

6

Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу

13

Қызмет мемлекеттік корпорация арқылы  және ЭҮП арқылы талап етілген

 

7

Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу

64

Қызмет мемлекеттік корпорация арқылы және ЭҮП талап етілген

 

8

Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу

0

2025 жылы талап етілмеген

 

9

Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу

2

ЭҮП

 

10

Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу

11

Қызмет мемлекеттік корпорация және «электронды үкімет» порталы арқылы талап етілген

 

11

Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу

20

Қызмет мемлекеттік корпорация және «электронды үкімет» порталы арқылы талап етілген

 

12

Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу

12

Қызмет мемлекеттік корпорация және «электронды үкімет» порталы арқылы талап етілген

 

 

Стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу

 

2

Қызмет мемлекеттік корпорация арқылы талап етілген

 

 

Жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу

2

Қызмет мемлекеттік корпорация арқылы талап етілген

 

 

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу

3

Қызмет мемлекеттік корпорация арқылы талап етілген

 

13

Тұрғын үй көмегін тағайындау

0

2025 жылы талап етілмеген

 

14

Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту

97

Қызмет мемлекеттік корпорация және «электронды үкімет» порталы арқылы талап етілген

 

15

Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу

 

1

Мемлекеттік орган арқылы

 

16

Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның шотына түскен мүлікке билік ету, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша рұқсат беру

 

0

 

2025 жылы талап етілмеген

 

 

Сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру

 

1

Мемлекеттік орган арқылы

 

 

Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның шотына түскен мүлікке билік ету, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша рұқсат беру

 

0

2025 жылы талап етілмеген

 

 

Барлығы

 

577

Оның ішінде:

Мемлекеттік корпорация арқылы - 156

ЭҮП - 206

Ақпараттық жүйе – 213, меморган-2

Барлық бас тарту - 82

 

II. Қызметті алушылармен жұмыс істеу

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері және орындары туралы мәлімет

1)

  Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет ресурсында sand.akmo.gov.kz «Мемлекеттік қызметтер» тарауында салалар бойынша орналастырылған.

2)

  Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы көрнекі ақпарат « Сандықтау ауданының жұмеспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ стендтерінде орналастырылған, әрбір көрсетілетін мемқызметтердің түрлеру бойынша үлестірме мәліметтер – буклеттер қолда бар.

3)

  Ауданның БАҚ мемлекеттік қызметті ұсыну тәртібі туралы аудан тұрғындарын ақпараттандыру бойынша айсайын жұмыс өткізіледі.

2. Мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын ашық талқылау туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының электронды Үкіметі порталы egov.kz. «Азаматтар және Үкімет» «Ашық талқылау» тарауында стандарттар жобаларын талқылау мүмкіндіктерін түсіндіру бойынша ауылдық округтін тұрғындарымен тұрақты негізде жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет ресурсында sand.akmo.gov.kz «Мемлекеттік қызметтер» тарауында салалар бойынша орналастырылған.«Сандықтау ауданының жұмеспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ стандарттар жобалаларына толықтырулар немесе өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар түскен жоқ.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында айқындықты қамтамасыз етуге бағытталған іс шаралар

«Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, қызметті алушылар келген жағдайда, мамандармен мемлекеттік қызметтерді көрсету процессі туралы түсіндірме жұмыстары біліктілікпен жүргізіледі, сонымен бірге «мемлекеттік қызметтерді көрсету» бағыты бойынша сұрақтар түскен жағдайда, толық жауаптар беріледі, есеп беру кезеңіне көрсеткіштер айтылады, туындайтын сұрақтар және ұсыныстар талқыланады.

ХҚКО қызметкерлерімен мезгіл сайын мемлекеттік қызметті көрсетудіңі өзекті мәселелерін талқылау бойынша кеңестер өткізіледі.

III. Мемлекеттік қызметтер көрсету барыстарын жетілдіру бойынша қызмет

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін оңтайландыру және автоматизациялар нәтижелері.

Ауданның көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметті ұсынудың үдерісін жылдамдату және жеңілдету мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру болып табылады.Мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізу қызметті ұсыну мерзімін, мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін қысқартуға, сонымен қатар қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасындағы байланысты алып тастау арқылы осы саланың сыбайлас жемқорлығын азайтуға мүмкіндік берді.Аудан мамандарымен электронды-сандық қол қоюды алу қажеттілігі және одан әрі мемлекеттік қызметті электронды пішімде алу туралы түсініктеме жұмысы жүргізіледі.

2. Мемлекетік қызметтерді көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатуға бағытталған іс шаралар

             Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты мамандар (барлығы 4 адам) біліктілікті көтеру курстарын аяқтады. 2020 жылы 4 маман біліктілігін арттыру курстарын өтті. 2021 жылы барлық мамандар ӘРПК бойынша біліктілін арттыру курстарын өтті. 2023-2024 жылдары бөлім басшысы мен бас мамандар  біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында негіз қалаушы принциптерді және нормаларды белгілеу, қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында 2013 жылдың 15 сәуірі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заң қабылданды. Мемлекеттің, азаматтардың құқықтарын және мүдделерін сақтау мақсатында мемлекеттік қызметтердің жаңа стандарттары және тиісті қағидалар қабылдануда.

IV. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәлімет

Шағымның мәні

Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған оган (ұйым)

Қарастыру күні

Шағымды қарастыру қортындысы бойынша құжат №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

-

-

-

-

-

-

-

Есеп беру кезеңінде қызмет алушылардан мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

Мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарлатуға тұрақты негіздегі жұмыстарына сәйкес, ішкі бақылаудың нәтижелері – қызметті алушылар жағынан есеп беру кезеңінде ескертулер, сонымен бірге шағымдардың жоқтығы болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын қоғамдық мониторингілеу нәтижелері

 

V. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызметті алушылардың қанағаттануын жоғарлату және одан әрі тиімділігінің перспективалары

Мемлекеттік қызметтерді көрсету Сандықтау ауданының мемлекеттік органдарының одан әрі тиімді жұмыс істеуі үшін, сонымен бірге мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызмет алушылардың қанағатануын жоғарлату мақсатында: 1.Бөлім басшылары мен мамандары, ауылдық округтердің әкімдері мен мамандары, ведомствалық бағынышты ұйымдардың басшылары мен мамандары мемлекеттік қызметтерді ұсыну саласында біліктілігін тұрақты түрде жоғарылатады; 2.Мемлекеттік қызметтердің стандарттарын, регламенттерін талқылау үшін, туындаған мәселелер бойынша қызмет алушылармен кездесулер, семинарлар өткізіледі, қортындысы бойынша жоғары тұрған органға ұсыныстар енгізілетін болады. 3. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және электронды пішімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрін арттыру бойынша жұмыс жалғастырылады;4. «Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсетуге бағытталған барлық шаралар қабылданатын болады;5. Тұрақты негізде ауданның мемлекеттік мекемелерінде электронды түрде және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыстар БАҚ, «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ интернет-ресурсында және басқа да веб-сайттар арқылы жүргізіледі.

                                 

 

 

 

Дата публикации
13 февраля 2026