«Сандықтау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы 2025 жылға арналған есебі

I. Общие сведения

1. Мемқызметтерді көрсетілуіне бақылау жасайтын мекеме туралы мәлімет

Ұйымның атауы

«Сандықтау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ

Орналасқан жері

Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі, .№128үй, байланыс телефондары: 8(71640) 9-14-42, 9-13-35

Бөлімде мемлекетттік қызметті ұсыну сапасына, мониторингіге жауапты тұлғалар

Евланенкова Алеся Владимировна – бөлім басшысы

Чернявская Оксана Сергеевна

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Барлық мемлекеттік қызметтердін саны

Мемкорпорация және «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Тегін көрсетілетін мемлекеттік қызметердің саны

Ақылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Мемлекеттік қызметтердің бекітілген қағидаларының саны

 

1 қызмет

1 қызмет

1 қызмет

0

1

 

3. Жиі талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

1

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы

«Сандықтау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ

28

Электрондық үкімет порталы арқылы сұранысқа ие қызмет

 

II. Қызметті алушылармен жұмыс істеу

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері және орындары туралы мәлімет

1)

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет ресурсында sand.akmo.gov.kz «Мемлекеттік қызметтер» тарауында салалар бойынша орналастырылған.

2)

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы көрнекі ақпарат «Сандықтау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ стендтінде орналастырылған, әрбір көрсетілетін мемқызметтердің түрлеру бойынша үлестірме мәліметтер – буклеттер қолда бар.

3)

Тоқсан сайын БАҚ «Дипломмен ауылға» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер айдарында мақалалар жарияланады, жұмысқа қабылданған кезде мамандарға одан әрі ақпаратты түсіндіру және жеткізу үшін әлеуметтік саланың кадр қызметі мамандарымен жұмыс жүргізіледі. 2025 жылы 4 мақала жарияланды. Тұрғындар ақпараттандырылады, брошюралар, жадынамалар, буклеттер таратылады.

2. Мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын ашық талқылау туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының электронды Үкіметі порталы egov.kz. «Азаматтар және Үкімет» «Ашық талқылау» тарауында стандарттар жобаларын талқылау мүмкіндіктерін түсіндіру бойынша ауылдық округтін тұрғындарымен тұрақты негізде жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар  «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет ресурсында sand.akmo.gov.kz «Мемлекеттік қызметтер» тарауында салалар бойынша орналастырылған.

2025 жылдың есепті кезеңінде «Сандықтау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ аудан тұрғындарынан есепті кезеңде қағидалар жобаларына өзгертулер немесе толықтырулар туралы ұсыныстар келіп түскен жоқ.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында айқындықты қамтамасыз етуге бағытталған іс шаралар

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде «Сандықтау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ мамандары мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы жетік түсіндіру жұмысын өткізеді, сонымен қатар жұмысқа қабылданған кезде мамандарға одан әрі ақпаратты түсіндіру және жеткізу үшін әлеуметтік саланың кадр қызметі мамандарымен жұмыс жүргізіледі, тоқсан сайын БАҚ «Дипломмен ауылға» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер айдарында мақалалар жарияланады, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі Сандықтау ауданы әкімінің ақпараттық порталында «Мемлекеттік қызмет көрсету» тарауында салалар бойынша орналастырылған, онда жан-жақты жауаптар беріледі, есепті кезең үшін көрсеткіштер көрсетіледі, туындалатын ұсыныстар мен мәселелер талқыланады.

III.Мемлекеттік қызметтер көрсету барыстарын жетілдіру бойынша қызмет

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін оңтайландыру және автоматизациялар нәтижелері.

Ауданның көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметті ұсынудың үдерісін жылдамдату және жеңілдету мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру болып табылады.

Мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізу қызметті ұсыну мерзімін, мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін қысқартуға, сонымен қатар қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасындағы байланысты алып тастау арқылы осы саланың сыбайлас жемқорлығын азайтуға мүмкіндік берді.

2. Мемлекетік қызметтерді көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатуға бағытталған іс шаралар

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мамандар өздерінің білімдерін тиісті заңдар, қағидалар, әдістемелік ұсыныстар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін зерттеу арқылы көтереді. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Ақмола облысы бойынша филиалында кестеге сәйкес біліктілігін арттыру курсынан өтеді. Сандықтау ауданының экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Чернявская Оксана Сергеевна 2024 жылы біліктілігін арттырды.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында негіз қалаушы принциптерді және нормаларды белгілеу, қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында 2013 жылдың 15 сәуірі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заң қабылданды. Мемлекеттің, азаматтардың құқықтарын және мүделерін сақтау мақсатында мемлекеттік қызметтердің жаңа стандартары және регламенттері және тиісті қағидалар қабылдануда.

IV. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәлімет

Шағымның мәні

Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған оган (ұйым)

Қарастыру күні

Шағымды қарастыру қортындысы бойынша құжат №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

-

-

-

-

-

-

-

Есеп беру кезеңінде қызмет алушылардан мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

Мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарлатуға тұрақты негіздегі жұмыстарына сәйкес, ішкі бақылаудың нәтижелері – қызметті алушылар жағынан есеп беру кезеңінде ескертулер, сонымен бірге шағымдардың жоқтығы болып табылады. Мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімінің бұзулуының алдын алу үшін күнделікті cabinetmio.otbasybank.kz. мониторинг өткізіледі. Бөлімде мемлекеттік қызметті ұсыну сапасын бақылау мақсатында ай сайын жоғары тұрған органға мемлекеттік қызметті ұсыну есептілігі жинақталады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын қоғамдық мониторингілеу нәтижелері

2025 жылы Ақмола облысы бойынша Сандықтау ауданын қосқанда мемлекеттік қызметті ұсыну сапасына қоғамдық мониторингілеу өткізілді, оның нәтижесі бойынша ауданда мемлекеттік қызметті көрсету сапасын жақсарту үшін ауданның көрсетілетін қызметті берушілеріне тиісті ұсыныстар берілді. Бұл мәселе тұрақты бақылауда.

V. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызметті алушылардың қанағаттануын жоғарлату және одан әрі тиімділігінің перспективалары

«Сандықтау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету одан әрі тиімді жұмыс істеуі үшін, сонымен бірге мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызмет алушылардың қанағатануын жоғарлату мақсатында:

1. Бөлім басшылары мен мамандары мемлекеттік қызметтерді ұсыну саласында біліктілігін тұрақты түрде жоғарылатады;

2. Мемлекеттік қызметтердің стандарттарын, регламенттерін талқылау үшін, туындаған мәселелер бойынша қызмет алушылармен кездесулер, семинарлар өткізіледі, қортындысы бойынша жоғары тұрған органға ұсыныстар енгізілетін болады;

3. Ақпараттандыру мақсатында тоқсан сайын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізіледі;

4«Сандықтау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметті уақытылы ұсынуға арналған барлық тиісті шаралар қабылданады;

5. Тұрақты негізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыстар БАҚ, «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ интернет-ресурсында және басқа да веб-сайттар арқылы жүргізіледі.

                                 

 

Дата публикации
13 февраля 2026