«Сандықтау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы 2025 жылға арналған есебі

I. Общие сведения

1. Мемқызметтерді көрсетілуіне бақылау жасайтын мекеме туралы мәлімет

Ұйымның атауы

«Сандықтау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

Орналасқан жері

Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі, .№119үй, байланыс телефондары: 8(71640) 9-11-25, 9-28-21,7-05-50

Бөлімде мемлекетттік қызметті ұсыну сапасына, мониторингіге жауапты тұлғалар

Сафарбаев Асылбек Муратбекұлы – бөлім басшысы

Омаров Аслан Қайратұлы

Сапрыкина Надежда Сергеевна

Карюкина Виктория Владимировна

Исмағұлов Зинулла Нұруллаұлы

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Барлық мемлекеттік қызметтердін саны

Мемкорпорация және «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Тегін көрсетілетін мемлекеттік қызметердің саны

Ақылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Мемлекеттік қызметтердің бекітілген қағидаларының саны

 

10 қызмет

10 қызмет

10 қызмет

0

10

 

3. Жиі талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

1

"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу"

«Сандықтау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

33

Электрондық үкімет порталы арқылы сұранысқа ие қызмет

 

2

"Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілерге күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру"

 

39

Электрондық үкімет порталы арқылы сұранысқа ие қызмет

 

3

"Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару"

 

1

Электрондық үкімет порталы арқылы сұранысқа ие қызмет

 

4

"Тұрғын үй сертификаттарын беру"

0

Қызмет сұранысқа ие емес 2025 жылы

 

5

"Ағаштарды кесуге рұқсат беру"

 

0

Қызмет сұранысқа ие емес 2025 жылы

 

6

"Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу"

0

Қызмет сұранысқа ие емес 2025 жылы

 

7

"Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау"

 

0

Қызмет сұранысқа ие емес 2025 жылы

 

8

"Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу"

 

0

Қызмет сұранысқа ие емес 2025 жылы

 

9

"Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту"

 

0

Қызмет сұранысқа ие емес 2025 жылы

 

10

"Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру"

 

 

25

Электрондық үкімет порталы арқылы сұранысқа ие қызмет

 

II. Қызметті алушылармен жұмыс істеу

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері және орындары туралы мәлімет

1)

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет ресурсында sand.akmo.gov.kz «Мемлекеттік қызметтер» тарауында салалар бойынша орналастырылған.

2. Мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын ашық талқылау туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының электронды Үкіметі порталы egov.kz. «Азаматтар және Үкімет» «Ашық талқылау» тарауында стандарттар жобаларын талқылау мүмкіндіктерін түсіндіру бойынша ауылдық округтін тұрғындарымен тұрақты негізде жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар  «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет ресурсында sand.akmo.gov.kz «Мемлекеттік қызметтер» тарауында салалар бойынша орналастырылған.

2025 жылдың есепті кезеңінде «Сандықтау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ аудан тұрғындарынан есепті кезеңде қағидалар жобаларына өзгертулер немесе толықтырулар туралы ұсыныстар келіп түскен жоқ.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында айқындықты қамтамасыз етуге бағытталған іс шаралар

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми Интернет-ресурсында орналастырылған - sand.akmo.gov.kz қызмет салалары бойынша «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «мемлекеттік қызметтер көрсету» бағыты бойынша сұрақтар түскен кезде толық жауаптар беріледі, ұсыныстар мен туындайтын сұрақтар талқыланады.

III.Мемлекеттік қызметтер көрсету барыстарын жетілдіру бойынша қызмет

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін оңтайландыру және автоматизациялар нәтижелері.

Ауданның көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметті ұсынудың үдерісін жылдамдату және жеңілдету мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру болып табылады.

Мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізу қызметті ұсыну мерзімін, мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін қысқартуға, сонымен қатар қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасындағы байланысты алып тастау арқылы осы саланың сыбайлас жемқорлығын азайтуға мүмкіндік берді.

2. Мемлекетік қызметтерді көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатуға бағытталған іс шаралар

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мамандар өздерінің білімдерін тиісті заңдар, қағидалар, әдістемелік ұсыныстар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін зерттеу арқылы көтереді. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Ақмола облысы бойынша филиалында кестеге сәйкес біліктілігін арттыру курсынан өтеді..

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында негіз қалаушы принциптерді және нормаларды белгілеу, қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында 2013 жылдың 15 сәуірі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заң қабылданды. Мемлекеттің, азаматтардың құқықтарын және мүделерін сақтау мақсатында мемлекеттік қызметтердің жаңа стандартары және регламенттері және тиісті қағидалар қабылдануда.

IV. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәлімет

Шағымның мәні

Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған оган (ұйым)

Қарастыру күні

Шағымды қарастыру қортындысы бойынша құжат №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

-

-

-

-

-

-

-

Есеп беру кезеңінде қызмет алушылардан мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

Мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарлатуға тұрақты негіздегі жұмыстарына сәйкес, ішкі бақылаудың нәтижелері – қызметті алушылар жағынан есеп беру кезеңінде ескертулер, сонымен бірге шағымдардың жоқтығы болып табылады. Мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімінің бұзулуының алдын алу үшін күнделікті cabinetmio.otbasybank.kz. мониторинг өткізіледі. Бөлімде мемлекеттік қызметті ұсыну сапасын бақылау мақсатында ай сайын жоғары тұрған органға мемлекеттік қызметті ұсыну есептілігі жинақталады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын қоғамдық мониторингілеу нәтижелері

2025 жылы Ақмола облысы бойынша Сандықтау ауданын қосқанда мемлекеттік қызметті ұсыну сапасына қоғамдық мониторингілеу өткізілді, оның нәтижесі бойынша ауданда мемлекеттік қызметті көрсету сапасын жақсарту үшін ауданның көрсетілетін қызметті берушілеріне тиісті ұсыныстар берілді. Бұл мәселе тұрақты бақылауда.

V. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызметті алушылардың қанағаттануын жоғарлату және одан әрі тиімділігінің перспективалары

«Сандықтау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету одан әрі тиімді жұмыс істеуі үшін, сонымен бірге мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызмет алушылардың қанағатануын жоғарлату мақсатында:

1. Бөлім басшылары мен мамандары мемлекеттік қызметтерді ұсыну саласында біліктілігін тұрақты түрде жоғарылатады;

2. Мемлекеттік қызметтердің стандарттарын, регламенттерін талқылау үшін, туындаған мәселелер бойынша қызмет алушылармен кездесулер, семинарлар өткізіледі, қортындысы бойынша жоғары тұрған органға ұсыныстар енгізілетін болады;

3. Ақпараттандыру мақсатында тоқсан сайын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізіледі;

4. ««Сандықтау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметті уақытылы ұсынуға арналған барлық тиісті шаралар қабылданады;

5. Тұрақты негізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша жұмыстар, «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ интернет-ресурсында және басқа да веб-сайттар арқылы жүргізіледі.

                                 

 

Дата публикации
13 февраля 2026