Ақмола облысы Сандықтау ауданы Широков ауылдық округі әкімінің аппаратының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметі туралы 2025 жылға арналған есебі

I. Жалпы мәлімет

1. Ауданда мемқызметтерді көрсетілуіне бақылау жасайтын мекеме туралы мәлімет

Ұйымның атауы

«Широков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Орналасқан жері

Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Широков ауылдық округі, Богородка ауылы, Орталық көшесі, 10, байланыс телефоны: 8(71640) 9-54-35, 9-56-05

Әкім

Аскаров Арман Бапович

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты тұлғалар

Бабоченко Татьяна Владимировна

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Барлық мемлекеттік қызметтердін саны

Мемкорпорация және ЭҮП арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Тегін көрсетілетін мемлекеттік қызметердің саны

Ақылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Мемлекеттік қызметтердің бекітілген қағидалар саны

 

6 қызмет

6

6

0

5

 

3. Жиі талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

№ р/

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің атауы

2025 жылы көрсетілген қызметтер-дің саны

Ескерту

1

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

 

 

«Широков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

0

2025 жылы сұралынбаған

2

Елді мекендер шегінде объектikth  салу үшін жер учаскелерін беру

0

2025 жылы сұралынбаған

3

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу

6

ЭҮП арқылы талап етілген

4

Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату

0

2025 жылы сұралынбаған

5

Жер учаскесін алу үшін кезекке қою

0

2025 жылы сұралынбаған

6

Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту

 

0

2025 жылы сұралынбаған

 

 

5

 

II. Қызметті алушылармен жұмыс істеу

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері және орындары туралы мәлімет

1)

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат "Сандықтау ауданы әкімінің аппараты" ММ shttps://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand?lang=ru ресми Интернет-ресурсында "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде және "Широков ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-де орналастырылған - https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand-shirokovskoe/documents/1?lang=kk в салалар бойынша "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде.

2)

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы көрнекі ақпарат «Широков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  мемлекеттік мекемелерінің стендтерінде орналастырылған, әрбір көрсетілетін мемқызметтердің түрлеру бойынша үлестірме мәліметтер – буклеттер қолда бар.

3)

Ауылдық округі әкімдері аппараттарының әкімшілік ғимараттарының жанында «Электрондық үкімет» egov.kz. ақпараттық баннерлері орналасқан.

4)

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша ай сайын түсініктеме әңгіме өткізіледі.

2. Мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын ашық талқылау туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының электронды Үкіметі порталы egov.kz. «Азаматтар және Үкімет» «Ашық талқылау» тарауында стандарттар жобаларын талқылау мүмкіндіктерін түсіндіру бойынша ауылдық округтін тұрғындарымен тұрақты негізде жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар  «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет ресурсында sand.akmo.gov.kz «Мемлекеттік қызметтер» тарауында салалар бойынша орналастырылған.

2025 жылдың есепті кезеңінде мемлекетік қызмет көрсететін аудан әкімі аппаратына, мемлекеттік органдарға аудан тұрғындарынан есепті кезеңде қағидалар жобаларына өзгертулер немесе толықтырулар туралы ұсыныстар келіп түскен жоқ.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында айқындықты қамтамасыз етуге бағытталған іс шаралар

Көрсетілетін қызметті алушылар жүгінген кезде ауданның мемлекетттік органдарының мамандары мемлекеттік қызметті көрсету үрдісі туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі, сонымен қатар халық алдында ауылдық округ әкімінің есеп беру кездесулерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша сұрақтар түскен жағдайда, толық жауап беріледі, есеп беру кезеңіне көрсеткіштер айтылады, туындайтын сұрақтар және ұсыныстар талқыланады.

ХҚКО қызметкерлерімен мезгіл сайын мемлекеттік қызметті көрсетудің өзекті мәселелерін талқылау бойынша кеңестер өткізіледі.

III.Мемлекеттік қызметтер көрсету барыстарын жетілдіру бойынша ызмет

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін оңтайландыру және автоматизациялар нәтижелері.

 

Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандырудың мақсаты мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін оңайлату және жеделдету болып табылады. Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жұмыстарды жүргізу Қызмет көрсету мерзімдерін, Мемлекеттік қызметтерді алу үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін қысқартуға, сондай-ақ саланың сыбайлас жемқорлықты төмендетуге, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті беруші арасындағы байланысты болдырмау жолымен мүмкіндік берді. 2025 жылы "электрондық үкімет" порталы арқылы ЭҮП арқылы 6 қызмет көрсетілді. Әкімдік мамандары мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаларды алу қажеттілігін түсіндіру бойынша тұрғындармен жұмыс жүргізуде. Ауылдық округ тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу мүмкіндігі үшін әкім аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған.

2. Мемлекетік қызметтерді көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатуға бағытталған іс шаралар

Мемлекеттік қызметті ұсынуға жауапты бөлім және ведомствалық бағынышты мекемелердің бас мамандары өздерінің білімдерін тиісті Заңдарды, қағидаларды, әдістемелік ұсыныстаржы, мемлекетік қызметтердің стандарттар мен регламенттерін оқу арқылы көтереді.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында негіз қалаушы принциптерді және нормаларды белгілеу, қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында 2013 жылдың 15 сәуірі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заң қабылданды. Мемлекеттің, азаматтардың құқықтарын және мүделерін сақтау мақсатында мемлекеттік қызметтердің жаңа стандартары  және тиісті қағидалар қабылдануда.

IV. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәлімет

Шағымның мәні

Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған оган (ұйым)

Қарастыру күні

Шағымды қарастыру қортындысы бойынша құжат №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

-

-

-

-

-

-

-

Есеп беру кезеңінде қызмет алушылардан мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

Мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарлатуға тұрақты негіздегі жұмыстарына сәйкес, ішкі бақылаудың нәтижелері – қызметті алушылар жағынан есеп беру кезеңінде ескертулер, сонымен бірге шағымдардың жоқтығы болып табылады. Мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімінің бұзулуының алдыналу үшін күнделікті ХҚКО ИАЖ мониторинг өткізіледі. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасын бақылау мақсатында ай сайын мемлекеттік қызметті ұсыну есептілігі жинақталады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын қоғамдық мониторингілеу нәтижелері

2025 жылы Ақмола облысы бойынша, Сандықтау ауданын қоса алғанда, «Шығыс Қазақстан жастар ақпарат аналитикалық агенттігі» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізді, оның қорытындысы бойынша ауданның көрсетілетін қызметті берушілеріне ауданда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін тиісті ұсынымдар берілді. Мәселе үнемі бақылауда.

V. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызметті алушылардың қанағаттануын жоғарлату және одан әрі тиімділігінің перспективалары

Мемлекеттік қызметтерді көрсету Сандықтау ауылдық округі әкімінің аппаратының одан әрі тиімді жұмыс істеуі үшін, сонымен бірге мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызмет алушылардың қанағатануын жоғарлату мақсатында:

1. Ауылдық округ әкімі мен мамандары мемлекеттік қызметтерді ұсыну саласында біліктілігін тұрақты түрде жоғарылатады;

2. Мемлекеттік қызметтердің стандарттарын, регламенттерін талқылау үшін, туындаған мәселелер бойынша қызмет алушылармен кездесулер, семинарлар өткізіледі, қортындысы бойынша жоғары тұрған органға ұсыныстар енгізілетін болады;

3. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және электронды пішімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрін арттыру бойынша жұмыс жалғастырылады;

4. Сандықтау ауылдық округі әкімінің аппаратының көрсетілетін қызметті берушілерімен мемлекеттік қызметті уақытылы ұсынуға арналған барлық тиісті шаралар қабылданады;

5. Тұрақты негізде ауданның мемлекеттік мекемелерінде электронды түрде және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыстар БАҚ, «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ интернет-ресурсында және басқа да веб-сайттар арқылы жүргізіледі.

                           

 

Дата публикации
13 февраля 2026