|
I. Жалпы мәлімет |
||||||||||||||||
|
1. Ауданда мемқызметтерді көрсетілуіне бақылау жасайтын мекеме туралы мәлімет |
||||||||||||||||
|
Ұйымның атауы |
Сандықтау ауданы «Мәдениет ауылы әкімінің аппараты» ММ |
|||||||||||||||
|
Орналасқан жері |
Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Мәдениет ауылы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесі №9 үй, байланыс телефоны: 8(71640) 9-34-84, 9-34-35 |
|||||||||||||||
|
Ауыл әкімі |
Кәрімжанов Арман Нарбайұлы |
|||||||||||||||
|
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингіне жауапты тұлғалар |
|
|||||||||||||||
|
Гусак Татьяна Николаевна – «Мәдениет ауылы әкімінің аппараты» ММ бас маманы |
||||||||||||||||
|
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат |
||||||||||||||||
|
Барлық мемлекеттік қызметтердін саны |
Мемкорпорация және «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
Тегін көрсетілетін мемлекеттік қызметердің саны |
Ақылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
Мемлекеттік қызметтердің бекітілген қағидаларының саны |
|
|||||||||||
|
6 қызмет |
6 |
6 |
0 |
6 |
|
|||||||||||
|
3. Жиі талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат |
||||||||||||||||
|
№ р/б |
Мемлекеттік қызметтердің атауы |
Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің атауы |
2025 жылы көрсетілген қызметтер-дің саны |
Ескерту |
|
|||||||||||
|
1 |
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру |
Сандықтау ауданы «Мәдениет ауылы әкімінің аппараты» ММ |
0 |
Қызмет сұранылмаған |
|
|||||||||||
|
2 |
Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру |
0 |
Қызмет сұранылмаған |
|
||||||||||||
|
3 |
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу |
0 |
Қызмет сұранылмаған |
|
||||||||||||
|
4 |
Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату |
0 |
Қызмет сұранылмаған |
|
||||||||||||
|
5 |
Жер учаскесін алу үшін кезекке қою
|
1 |
Қызмет ЭҮП арқылы талап етілген |
|
||||||||||||
|
6 |
Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту |
0 |
Қызмет сұранылмаған |
|
||||||||||||
|
|
БАРЛЫҒЫ: |
|
1 |
Оның ішінде: ЭҮП арқылы – 1 |
|
|||||||||||
|
II. Қызметті алушылармен жұмыс істеу |
||||||||||||||||
|
1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері және орындары туралы мәлімет
|
||||||||||||||||
|
1) |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат ресми Интернет-ресурстарда орналастырылған: "Сандықтау ауданы әкімінің аппараты" ММ - gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand, Сандықтау ауданы "Мәдениет ауылы әкімінің аппараты" ММ - gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand-madeniet салалар бойынша "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде. |
|||||||||||||||
|
2) |
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы көрнекі ақпарат "Мәдениет ауылы әкімінің аппараты" ММ стендінде орналастырылған, әрбір көрсетілетін мемқызметтердің түрлеру бойынша үлестірме мәліметтер – буклеттер қолда бар. |
|||||||||||||||
|
3) |
Ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының жанында egov mobile "Цифрлық құжаттар әрқашан қолжетімді" ақпараттық баннері орналасқан. |
|||||||||||||||
|
4) |
Жыл сайын Facebook және Instagram madeniet.akimat ауданның БАҚ-та және ауыл әкімдігінің әлеуметтік желілерінің беттерінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы аудан тұрғындарын ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі. |
|||||||||||||||
|
2. Мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын ашық талқылау туралы ақпарат |
||||||||||||||||
|
Қазақстан Республикасының электронды Үкіметі порталы egov.kz. «Азаматтар және Үкімет» «Ашық талқылау» тарауында стандарттар жобаларын талқылау мүмкіндіктерін түсіндіру бойынша ауылдық округтін тұрғындарымен тұрақты негізде жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет ресурсында gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand «Мемлекеттік қызметтер» тарауында салалар бойынша орналастырылған. 2023 жылдың есепті кезеңінде мемлекетік қызмет көрсететін ауыл әкімінің аппаратына, мемлекеттік органдарға аудан тұрғындарынан есепті кезеңде стандарттар жобаларына өзгертулер немесе толықтырулар туралы ұсыныстар келіп түскен жоқ. |
||||||||||||||||
|
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында айқындықты қамтамасыз етуге бағытталған іс шаралар |
||||||||||||||||
|
Көрсетілетін қызметті алушылар жүгінген кезде ауданның мемлекетттік органдарының мамандары мемлекеттік қызметті көрсету үрдісі туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі, сонымен қатар халық алдында ауылдық округ әкімінің есеп беру кездесулерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша сұрақтар түскен жағдайда, толық жауап беріледі, есеп беру кезеңіне көрсеткіштер айтылады, туындайтын сұрақтар және ұсыныстар талқыланады. |
||||||||||||||||
|
III.Мемлекеттік қызметтер көрсету барыстарын жетілдіру бойынша қызмет |
||||||||||||||||
|
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін оңтайландыру және автоматизациялар нәтижелері. |
||||||||||||||||
|
Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандырудың мақсаты мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін оңайлату және жеделдету болып табылады. Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жұмыстарды жүргізу Қызмет көрсету мерзімдерін, Мемлекеттік қызметтерді алу үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін қысқартуға, сондай-ақ саланың сыбайлас жемқорлықты төмендетуге, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті беруші арасындағы байланысты болдырмау жолымен мүмкіндік берді. Ауыл мамандары мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта одан әрі алу мүмкіндігі үшін тұрғындарға электрондық-цифрлық қолтаңбаларды алу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ауыл әкімінің аппаратында ауыл тұрғындарының электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған. |
||||||||||||||||
|
2. Мемлекетік қызметтерді көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатуға бағытталған іс шаралар |
||||||||||||||||
|
Ауыл әкімі, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар тиісті Заңдарды, әдістемелік ұсынымдарды, мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін зерделеу арқылы өз білімдерін арттырады. Мемлекеттік қызметтер бойынша техникалық оқыту. |
||||||||||||||||
|
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін нормативтік-құқықтық жетілдіру |
||||||||||||||||
|
Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында негіз қалаушы принциптерді және нормаларды белгілеу, қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында 2013 жылдың 15 сәуірі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заң қабылданды. Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сақтау мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету Ережелері бекітілді. |
||||||||||||||||
|
IV. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау |
||||||||||||||||
|
1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат |
||||||||||||||||
|
Шағым беруші туралы мәлімет |
Шағымның мәні |
Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған оган (ұйым) |
Қарастыру күні |
Шағымды қарастыру қортындысы бойынша құжат № |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет |
||||||||||
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
||||||||||
|
Есеп беру кезеңінде қызмет алушылардан мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ. |
||||||||||||||||
|
2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері |
||||||||||||||||
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша тұрақты негізде жүргізілетін жұмыстарға сәйкес ішкі бақылаудың нәтижесі - есепті кезеңде көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан ескертулердің, сондай-ақ шағымдардың болмауы болып табылады. |
||||||||||||||||
|
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын қоғамдық мониторингілеу нәтижелері |
||||||||||||||||
|
2025 жылы елімізде «Шығыс Қазақстан жастар ақпарат аналитикалық агенттігі» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізді, оның қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметтіберушілерге мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін тиісті ұсыныстар берілді. |
||||||||||||||||
|
V. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызметті алушылардың қанағаттануын жоғарлату және одан әрі тиімділігінің перспективалары |
||||||||||||||||
|
Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша тиімді жұмыс істеуі үшін, сонымен бірге мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызмет алушылардың қанағатануын жоғарлату мақсатында: 1. Жауапты қызметкерлер мемлекеттік қызметтерді ұсыну саласында біліктілігін тұрақты түрде жоғарылатады; 2. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларда мемлекеттік қызметтер көрсету салалары бойынша мәселелер туындаған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының талаптарын түсіндіру бойынша кездесулер өткізілетін болады, олардың қорытындылары бойынша жоғары тұрған органға ұсыныстар енгізілетін болады; 3. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және электронды пішімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрін арттыру бойынша жұмыс жалғастырылады, осы мақсатта тоқсан сайын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізіледі; 4. Ауылда көрсетілетін қызметті берушілерімен мемлекеттік қызметті уақытылы ұсынуға арналған барлық тиісті шаралар қабылданады; 5. Тұрақты негізде «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ Интернет-ресурсы арқылы БАҚ - та көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады- gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы, сондай-ақ электрондық форматта. |
||||||||||||||||