Белгород ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметі туралы 2025 жылға арналған есебі

I. Жалпы мәлімет

1. Ауданда мемқызметтерді көрсетілуіне бақылау жасайтын мекеме туралы мәлімет

Ұйымның атауы

Сандықтау ауданы «Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Орналасқан жері

Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Белгородское ауылы, Целинная көшесі  № 20 үй, байланыс телефоны: 8(71640) 9-45-24, 9-05-92

Аудан әкімі

Жанғожин Бауырбек Нұрғожаұлы

Ауданда мемлекетттік қызметті ұсыну сапасына, мониторингіге жауапты тұлғалар

 

Авдеева Марина Михайловна – «Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

 бас маманы

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Барлық мемлекеттік қызметтердін саны

Мемкорпорация және «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Тегін көрсетілетін мемлекеттік қызметердің саны

Ақылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Мемлекеттік қызметтердің бекітілген қағидалардың саны

Мемлекеттік қызметтердің бекітілген регламенттерінің саны

 

6 қызмет

6

6

0

6

-

 

3. Жиі талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

№ р/б

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің атауы

2025

 жылы көрсетілген қызметтер саны

Ескерту

 

1

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

«Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

1

ЭҮП арқылы көрсетілген

 

2

Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру

0

2025 жылы сұранылмаған

 

3

Сауда-саттықты (аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу

1 кезең-7

2 кезең-5

ЭҮП арқылы көрсетілген

 

4

Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату

0

2025 жылы сұранылмаған

 

5

Жер учаскесін алу үшін кезекке қою

0

2025 жылы сұранылмаған

 

 

БАРЛЫҒЫ:

 

13

Оның ішінде:

ЭҮП арқылы – 13

 

II. Қызметті алушылармен жұмыс істеу

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері және орындары туралы мәлімет

1)

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат "Сандықтау ауданы әкімінің аппараты" ММ ресми Интернет-ресурстарында орналастырылған - https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/activities/17058?lang=ru, Сандықтау ауданы "Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ - https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand-belgorodskoe/activities/42824?lang=ru салалар бойынша "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде.

2)

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы көрнекі ақпарат «Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ стендтерінде орналастырылған, әрбір көрсетілетін мемқызметтердің түрлеру бойынша үлестірме мәліметтер – буклеттер қолда бар.

3)

Ауылдық округ әкімдері аппараттарының әкімшілік ғимараттарының жанында «Egov mobail- цифраық құжаттар» egov.kz. ақпараттық баннерлері орналасқан.

4)

Ай сайын көрсетілетін қызметті алушылармен түсіндіру әңгімелесулерін өткізу, мемлекеттік органның ресми беттерінде әлеуметтік желілерде ақпаратты орналастыру арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі

2. Мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын ашық талқылау туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының электронды Үкіметі порталы egov.kz. «Азаматтар және Үкімет» «Ашық талқылау» тарауында стандарттар жобаларын талқылау мүмкіндіктерін түсіндіру бойынша ауылдық округтін тұрғындарымен тұрақты негізде жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар  «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/activities/17058?lang=ru «Мемлекеттік қызметтер» тарауында салалар бойынша орналастырылған.

2025 жылдың есепті кезеңінде мемлекетік қызмет көрсететін ауыл әкімінің аппаратына, мемлекеттік органдарға тұрғындардан есепті кезеңде қағидалар жобаларына өзгертулер немесе толықтырулар туралы ұсыныстар келіп түскен жоқ.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында айқындықты қамтамасыз етуге бағытталған іс шаралар

Көрсетілетін қызметті алушылар жүгінген кезде, сондай-ақ барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы жыл сайынғы есептік кездесулерінде әкім аппаратының мамандары мемлекеттік қызметтер көрсету процесі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді; "мемлекеттік қызметтер көрсету" бағыты бойынша сұрақтар келіп түскен кезде толық жауаптар беріледі, есепті кезеңдегі көрсеткіштер айтылады, ұсыныстар мен туындайтын мәселелер талқыланады. Мемлекеттік қызметтер көрсету "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" заңға, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларға қатаң сәйкес жүзеге асырылады.

III.Мемлекеттік қызметтер көрсету барыстарын жетілдіру бойынша қызмет

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін оңтайландыру және автоматизациялар нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандырудың мақсаты мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін оңайлату және жеделдету болып табылады.

Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жұмыстарды жүргізу Қызмет көрсету мерзімдерін, Мемлекеттік қызметтерді алу үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін қысқартуға, сондай-ақ саланың сыбайлас жемқорлықты төмендетуге, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті беруші арасындағы байланысты болдырмау жолымен мүмкіндік берді.

Әкімдік мамандары халықпен онлайн режимде электрондық цифрлық қолтаңба алу мүмкіндігі туралы, мобильді азаматтар базасында мобильді нөмірлерді тіркеу қажеттілігі туралы, Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта одан әрі алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Ауылдық округ тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу мүмкіндігі үшін әкім аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, 2025 жылы азаматтар 286 электрондық қызмет алды.

Әкім аппаратында процестерді цифрландыру және автоматтандыру деңгейін арттыру, қызмет көрсету тиімділігі мен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қоғамдық қолжетімділік пункті (DIGITAL TERMINAL) орнатылған.

2. Мемлекетік қызметтерді көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатуға бағытталған іс шаралар

Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар тиісті Заңдарды, ережелерді, әдістемелік ұсынымдарды, мемлекеттік қызмет стандарттарын зерделеу арқылы өз білімдерін арттырады. Бас маман Авдеева ММ 2023 жылғы 13-17 қараша аралығында "Жергілікті атқарушы органдардың қызметін құқықтық реттеу" біліктілікті арттыру курсынан өтті, «Жобалық менеджмент: ҚР СТ ISO 21502-2022 сертификаттауына дайындық» 21-25 сәуір 2025 ж.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында негіз қалаушы принциптерді және нормаларды белгілеу, қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында 2013 жылдың 15 сәуірі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заң қабылданды, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиісті Қағидалары бекітілді. (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы)

IV. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәлімет

Шағымның мәні

Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған оган (ұйым)

Қарастыру күні

Шағымды қарастыру қортындысы бойынша құжат №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

-

-

-

-

-

-

-

Есеп беру кезеңінде қызмет алушылардан мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

2023 жылғы 26 қазанда Сандықтау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі бас инспекторы 2023 жылғы 1 қаңтардан 1 қазанға дейінгі кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасының сақталуына ішкі бақылау жүргізді, оның қорытындысы бойынша ауданда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту үшін тиісті ұсынымдар берілді.  Мәселе үнемі бақылауда.

Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтердің ұсынылуын талдау бөлімімен ағымдағы жылғы 23-24 қазаны аралығында WhatsApp мессенджерінің бейнебайланысы арқылы Сандықтау ауданының ауылдары, ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуына, атап айтқанда «egov.kz» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының болуына және қызмет жасауына, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қажетті жағдайларды құруға, мемлекеттік қызметтер бойынша стендтердің болуына және өзектілігіне қатысты мониторинг жүргізілді.Мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарлатуға тұрақты негіздегі жұмыстарына сәйкес, ішкі бақылаудың нәтижелері – қызметті алушылар жағынан есеп беру кезеңінде ескертулер, сонымен бірге шағымдардың жоқтығы болып табылады.

Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасын бақылау мақсатында ай сайын мемлекеттік қызметті ұсыну есептілігі жинақталады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын қоғамдық мониторингілеу нәтижелері

2025 жылы "Шығыс Қазақстан жастар ақпарат аналитикалық  агенттігі" қоғамдық бірлестігі Сандықтау ауданын қоса алғанда , Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізді, оның нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша тиісті ұсынымдар берілді. Бұл мәселе үнемі бақылауда.

V. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызметті алушылардың қанағаттануын жоғарлату және одан әрі тиімділігінің перспективалары

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша тиімді жұмыс істеуі үшін, сонымен бірге мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызмет алушылардың қанағатануын жоғарлату мақсатында:

1. Жауапты қызметкерлер мемлекеттік қызметтерді ұсыну саласында біліктілігін тұрақты түрде жоғарылатады;

2. Мемлекеттік қызметтердің стандарттарын, регламенттерін талқылау үшін, туындаған мәселелер бойынша қызмет алушылармен кездесулер, семинарлар өткізіледі, қортындысы бойынша жоғары тұрған органға ұсыныстар енгізілетін болады;

3. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және электронды пішімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрін арттыру бойынша жұмыс жалғастырылады;

4. Ауылдық округ әкімі аппаратында көрсетілетін қызметті берушілерімен мемлекеттік қызметті уақытылы ұсынуға арналған барлық тиісті шаралар қабылданады;

5. Тұрақты негізде "Сандықтау ауданы әкімінің аппараты" ММ интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік органның ресми станцияларында БАҚ - та, әлеуметтік желілерде көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады- https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand?lang=ru; Сандықтау ауданы "Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand-belgorodskoe/about?lang=ru "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы, ЭҮП арқылы электрондық форматта;  сондай-ақ, "көрсетілетін қызметті алушының күні" құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің түрлі салаларындағы мамандардың баруымен.

                                   

 

Дата публикации
12 февраля 2026