«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Ақмола облысы Сандықтау ауданының Жамбыл және Широков ауылдық округтерінде 2026 жылғы 8 ақпанда өткізілген сайлау қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Ақмола облысы Сандықтау ауданы Балкашино ауылында тұратын «Сандықтау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдік жолдар және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маманы, 1974 жылы туған Исмағұлов Зинолла Нұруллаұлы Ақмола облысы Сандықтау ауданының Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
- Ақмола облысы Сандықтау ауданы Дорогинка ауылында тұратын Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің «Дорогинка с. негізгі орта мектебі» КММ педогог-психологы, 1967 жылы туған Ысқақова Дария Қадыржанқызы Ақмола облысы Сандықтау ауданының Широков ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
- Сайланған әкімдерді тіркеу туралы хабарлама жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
- Тиісті куәлік берілсін.
Сандықтау аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы