Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Сандықтау ауданының ауылдық округтері әкімдері сайлауының нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Жамбыл сайлау округі
Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 479 азамат енгізілді, олардың 351-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 4, «Бәріне қарсы» деген жолда - 9.
Әрбір кандидатқа берілген дауыс саны:
Байымбетова С. - 24; Исмағұлов З.Н. - 295; Қойбағарова Ә.Ж. - 19.
Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып «Сандықтау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдік жолдар және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маманы, 1974 жылы туған Исмағұлов Зинолла Нұруллаұлы сайланды, Балкашино ауылдық округінің Балкашино ауылында тұрады, AMANAT партиясы ұсынған.
Широково сайлау округі
Широков ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 373 азамат енгізілді, олардың 268-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, «Бәріне қарсы» деген жолда - 12.
Әрбір кандидатқа берілген дауыс саны:
Ысқақова Д.Қ. - 220; Тепсаев Р.Ю.- 16; Төлегенов Р.М. - 20.
Широков ауылдық округінің әкімі болып Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің «Дорогинка с. негізгі орта мектебі» КММ педогог-психологы, 1967 жылы туған Ысқақова Дария Қадыржанқызы сайланды, Широков ауылдық округінің Дорогинка ауылында тұрады, AMANАТ партиясы ұсынған.
Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы