Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Широков ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ақмола облысы Сандықтау ауданы Широков ауылдық округі әкіміне кандидаттар ретінде тіркеді:

  1. Ысқақова Дария Қадыржанқызы, 1967 жылы туған, «AMANAT» партиясы ұсынған, Дорогинка ауылында тұратын «Дорогинка ауылының негізгі орта мектебі» КММ психологы;
  2. Тепсаев Рамзан Юсупович, 2000 жылы туған, «Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Красная Поляна ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған;
  3. Төлегенов Раббани Маратұлы, 1997 жылы туған, «Сандықтау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ сектор меңгерушісі, Балкашино ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Дата публикации
19 января 2026