«Сандықтау ауданында шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» Сандықтау аудандық мәслихатының шешімімен жобасы (бұдан әрi-жоба) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзiрлендi.
Жария талқылауларды өткізу мерзімдері 2025 жылғы 8 желтоқсаннан 24 желтоқсанға дейін
Жоба жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15717589