«Сандықтау ауданының жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарлама бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 23/3 «Сандықтау ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» Сандықтау аудандық мәслихатының шешімінің жобасын әзірледі(бұдан әрі – шешім жобасы).
Шешім жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкесәзірленді.
Жария талқылауларды өткізу мерзімдері 2025 жылғы 20 қарашадан 5 желтоқсанға дейін
Жоба жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15705903