Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлерін айқындалсын.
  2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін айқындалсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сандықтау ауданының әкімі                                                          С. Құдабай

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
23 сентября 2025