Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру шеңберінде Сандықтау ауданында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, мәдениет және спорт, қорғаныс, сондай-ақ экономика және жұмыспен қамту салалары бойынша 56 қызмет түрі көрсетіледі.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша жүргізілген талдау нәтижесінде көрсетілген 56 қызмет түрі бойынша халыққа 1353 қызмет көрсетілген, оның ішінде: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 381 қызмет, «Электрондық үкімет» порталы арқылы – 833 қызмет, мемлекеттік орган арқылы – 4 қызмет, қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде – 135 қызмет.
Мемлекеттік органдар мен ауылдық округтер бойынша:
|
Мемлекеттік орган |
Барлығы |
ЭҮП |
Мем. корпорация |
Қағаз түрінде |
Баска жүйе |
|
«Сандықтау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ |
11 |
11 |
|
|
|
|
«Сандықтау ауданының ТКШ, ЖК, АД және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ |
44 |
44 |
|
|
|
|
«Сандықтау ауданының құрылыс және сәулет бөлімі» Мм |
117 |
116 |
|
|
1 |
|
«Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ |
185 |
|
185 |
|
|
|
«Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ |
349 |
94 |
121 |
|
134 |
|
«Сандықтау ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ |
443 |
368 |
75 |
|
|
|
«Балкашин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
76 |
76 |
|
|
|
|
«Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
4 |
4 |
|
|
|
|
«Барақпай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
0 |
0 |
|
|
|
|
«Берлік ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
3 |
3 |
|
|
|
|
«Веселов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
10 |
10 |
|
|
|
|
«Васильев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
6 |
6 |
|
|
|
|
«Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
5 |
5 |
|
|
|
|
«Каменск ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
2 |
2 |
|
|
|
|
«Лесной ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
3 |
3 |
|
|
|
|
«Максимов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
0 |
0 |
|
|
|
|
«Мәдениет ауылы әкімі аппараты» ММ |
1 |
1 |
|
|
|
|
«Ақсораң ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
7 |
7 |
|
|
|
|
«Сандықтау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
11 |
11 |
|
|
|
|
«Широков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
5 |
5 |
|
|
|
|
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ |
71 |
67 |
|
4 |
|
|
Барлығы: |
1353 |
833 |
381 |
4 |
135 |
«Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру жұмыстары үздіксіз жүргізілетін болады, сондықтан 14 ауылдық округте және аудан әкімі аппаратында «Egov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары орнатылып, барлық қажетті құралдармен жабдықталған: компьютер, принтер, карта оқу құралы, веб-камера. Egov мобильді қосымшасында қызмет алудың ыңғайлылығын ашатын баннерлер бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету
Сыртқы мемлекеттік бақылау нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзудың 3 фактісі анықталды. «Сандықтау ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға арналған тіркемелерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), есептен шығару, оның ішінде монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдері, сондай-ақ елден өту мүмкіндігі жоғары арнайы көліктер және оларға тіркеу құжатын (толнұсқасын) және мемлекеттік тіркеу белгісін беру» қызмет бойынша 2025 жылғы 01 сәуірдегі Е. Қалдыбаевтан № KZ23RZA00645640 және № KZ46RZA00645614 2 өтініштер келіп түскен (белгіленген мерзім 2025 жылдың 24 сәуірі) бас маманның міндетін атқарушы, бөлім меңгерушісі Қабденова Г.Қ. өңделді және 2025 жылдың 2 сәуірінде орындалды сондай-ақ «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ елден өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру» қызметі. С.А. Овчинниковтың 2025 жылғы 23 сәуірде түскен № KZ00RMJ00212566 өтініші (белгіленген мерзім 2025 жылдың 24 сәуірі) 2025 жылғы 25 сәуірде қаралды. Заң бұзушылықтарға жол берген мамандарға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы сақтаудың маңыздылығы туралы айтылды. Маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды (2025 жылғы 30 маусымдағы № 15 бұйрық). Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау бойынша жұмыс жалғасады.
Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету
Халықты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру мақсатында акиматтың әлеуметтік желілердегі парақшаларында ветеринария, білім беру, қорғаныс және әлеуметтік қорғау салалары бойынша 4 тікелей эфир өткізілді.
Онлайн түрде мемлекеттік қызметтерді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру жұмыстары жалғастыруда.
Мемлекеттік қызметтер күніне арналған «Мемлекеттік қызмет алу» Балкашин а., Максимовка а., Приозерное а., Лесной а., Красная Поляна а., (Петриковка және Арбузинка бөлімі), Богородка а., Каменка а. және Белгородское а. 8 көшпелі іс-шара өткізіліп әлеуметтік желілерде жарияланды.
Шараға жер қатынастары, құрылыс және сәулет, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, сондай-ақ Мансап орталығының мамандары қатысты. Келесі мәселелер қаралды: Тұрғын үйдің астындағы жер учаскесін тіркеу, жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту, ауылдың жерлерінен коммерциялық қызмет үшін жер учаскесін беру, ғимараттарды бұзу, қосымша ғимаратты қалай рәсімдеу, қараусыз қалған жер учаскесін және ғимаратты есепке алу, жерді орман қорына беру, егде жастағы адамды мамандандырылған әлеуметтік мекемеге тіркеу, мүгедектер арбасын қалай алу, жастар тәжірибесі, несиелеу әдістері және т.б.
Сондай-ақ тағы 6 елді мекенде іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша жұмыс жалғасуда.
Сандытау ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары орналастырылған, мемлекеттік органдардың Instagram, Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы ақпарат орналастырылған. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу бойынша барлық қажетті өзекті ақпарат көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық тақталарында орналастырылған. Бұл жұмыс тұрақты түрде жалғасатын болады.
Ескірген компьютерлік жабдықты жаңарту туралы сұрақтар.
Жоспар бойынша 50 бірлік компьютерлік техника жаңартылуға жатады. Өткен жылдары 19 компьютер жаңартылса, тағы 31 компьютер жаңартуды қажет етеді. 1 жартыжылдықтың 2 тоқсанында 5 бірлік компьютерлік техника сатып алынды: «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ – 2 бірлік; «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі – 2 бірлік және «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі – 1 бірлік (растайтын құжаттар қоса беріледі)
Аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарының «қызметі» бөлімінде ақпараттарды, жер учаскелерін алған тұлғалардың тізімдерін, жер комиссияларының хаттамаларын орналастыру
Сондай-ақ, аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурстарының «қызметі» бөлімінде жер учаскелерін алған тұлғалардың тізімдері және жер комиссиясының хаттамалары (ай сайынғы) орналастырылған. Жер комиссиясының хаттамалары мен жер телімдерін алған тұлғалардың тізімдерінің уақтылы ілінбеуіне байланысты, аталған мәселе ауыл шаруашылығы бөлімі басшылығының және жер комиссиясының төрағасы, Сандытау ауданы әкімінің орынбасарының назарына жеткізілгенін хабарлаймыз. Жер учаскелерін алған тұлғалардың тізімдері және жер комиссиясының хаттамалары туралы мәліметтер бұдан былай қатаң түрде белгіленген мерзімде жарияланатын болады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуына ішкі бақылау және мониторинг жүргізу.
2025 жылдың І жартыжылдығында 5 бақылау іс-шарасы нәтижелері «ekyzmet.kz» ақпараттық жүйесіне енгізілді.
Бақылау нәтижесі бойынша 16 ұсыныс берілді, оның ішінде 13- орындалды, 3-орындалуда (Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшылығын және Широков ауылдық округінің әкімін оқыту және Широков ауылдық округі әкімдігінің ғимаратын мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімдеу.)
Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін акимат пен Қоғамдық кеңестерде қарау
Есеп кезенінде мемлекеттік қызметтерге қатысты 2 мәселелер Қоғамдық кеңесте:
1-тоқсанда 2025 жылдың 28 сәуірінде – «Сандықтау ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ ақпараты қарастырылды.
2025 жылдың 20 маусымында – «Сандықтау ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ қызметтер бойынша ақпарат қарастырылды.
Қоғамдық кеңестермен өзара іс-қимыл жалғасып, мемлекеттік қызметтер сапасын жетілдіру мәселелері күн тәртібінде жалғастыруды.
Өткен кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы туралы мәселе әкімдік мәжілістерінде қаралған жоқ.
Сандықтау ауылдық округі мен Белгород ауылдық округінде 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында «Қызметтік әкімдіктерді» ашу жоспары қаржы ресурстарының жетіспеушілігіне байланысты орындалмады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қолданыстағы заңнаманы бұзудың алдын алу жұмыстары жалғасады.