«Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ (021400 индексі, Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашин ауылы, Абылайхан көшесі, 117, анықтама үшін телефон нөмірі: 8 (71640) 9-14-41, факс 8 (71640) 9-14-41, электрондық мекен-жайы: sandyktau_sup@akmola.gov.kz, электрондық хатты мемлекеттік органдардың интернет порталы арқылы жолданғанда файлдардың максималды жіберлетін көлімі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru, gmail.com және т. б.) 5 Мб аспауы қажет) Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының мемлекеттік бос төменгі емес әкімшілік лауазымдарына ішкі конкурс жариялайды.
Аудан әкімінің жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы, санаты «E-3», 1 бірлік.
Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 263 131 теңгеден 302 255 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінің, облыс және аудан әкімдерінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру; жұмылдыру жоспарларын, ауданның аумақытық қорғаныс жоспарларын, төтенше жағдайларды, ауданның бейбіт уақытқа және ерекше кезенге арналған азаматтық қорғансы жоспарын әзірлеуді және оны түзетуді жүзеге асыру; аудан аумағындағы ықтимал төтенше жағдайларыға байланысты жұмыстарға қатысу үшін Төтенше жағдайлар департаменттерімен, басқармалармен, ведомстволармен басқа ұйымдар мен кәсіпорындармен, сондай-ақ тартылатын органдар мен күштермен тұрақты өзара іс-қимылды жүзеге асыру; аудан аумағындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың мекемелерінің қызметіне қауіптілікті төмендету, төтенше жағдайлардың туындауы және дайындық мәселелері бойынша бақылауға қатысу олардың салдарын жоюға; төтенше жағдайлардың азаматтық қорғанысы саласындағы тыңдауларға, тексерулерге, сараптамаларға материалдар дайындауға қатысу; аудан аумағында халықтың өмірі мен денсаулығы мен табиғи орта үшін ықтимал қауіпті шаруашылық объектілерін орналастырудың орындылығы туралы қорытында дайындауға қатысу; броньдау, жалпыға бірдеу әскери міндет, әскери қызмет және басқа да мәселелер бойынша заңнаманың орындалуын ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қатысу, жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы басқа да функцияларды орындау; өте құпия, құпия құжаттармен жұмыс істеу кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету. Осы лауазым бойынша лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де функциялар мен міндеттерді орындау.
Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да функциялар мен міндеттерді орындайды. «В» блок, 5 грейд.
Конкурс қатысушысына қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі бизнес, басқару және құқық (құқық) немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери істер немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық қауіпсіздік) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс ( инженерлік, инженерлік ісі немесе сәулет және құрылыс) саласында.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылық, жауапкершілік, қызметтерді тұтынушыға және оның ақпаратына назар аудару, тұтастық, ынтымақтастық және өзара әрекеттесу, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні) ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсарады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі тиісті персоналды басқару қызметімен бекітілген.
Конкурсқа қатысушы мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді. Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Санықтау ауданы әкімі аппаратында өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының жасы он сегізден кем емес азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) хабарлайды. Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік
лауазымына орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені _____________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналасуға келісім беремін _________________________________________________________ (иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
Мекен жайы: _____________________________________________________
Байланыс телефоны: _______________________________________________
e-mail: ___________________________________________________________
ЖСН: ____________________________________________________________
_________ ___________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 2025 ж.