2025 жылға арналған Сандықтау ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшерін бекіту туралы



"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3 бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2025 жылға арналған Сандықтау ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері айына бір шаршы метр үшін 39,45 теңге сомасында бекітілсін.
  2. Осы шешімнің 1-тармағында белгіленген шығыстардың ең төмен мөлшері пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жиналысы өткізілгеннен кейін қолданылсын, оның шешімі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-1-бабының 6-2-тармағының талаптарына сәйкес хаттамамен ресімделсін.
  3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы

Г.Мұстафина




© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Дата публикации
25 июля 2025