«Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ (021400 индексі, Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашин ауылы, Абылайхан көшесі, 117, анықтама үшін телефон нөмірі: 8 (71640) 9-14-41, факс 8 (71640) 9-14-41, электрондық мекен-жайы: sandyktau_sup@akmola.gov.kz, электрондық хатты мемлекеттік органдардың интернет порталы арқылы жолданғанда файлдардың максималды жіберлетін көлімі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru, gmail.com және т. б.) 5 Мб аспауы қажет) Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының мемлекеттік бос төменгі емес әкімшілік лауазымдарына ішкі конкурс жариялайды.
«Сандықтау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы, санаты «E-R-1», 1 бірлік.
Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 354 069 теңгеден 406 714 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Нормативтік құқықтық актілерді орындауды және бақылауды іске асырады. Өз құзыры шегінде мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларды ұйымдастырады және бақылайды. Бюджет жобасын әзірлеу, қарау, бағалау және бюджет өтінімдерінің қорытындыларын дайындау, ауданның әлеуметтік-экономикалық болжамды әзірлеу бойынша жұмыстар ұйымдастырады. Аймақта бірыңғай қаржы және экономикалық саясатты ұйымдастырады және жүргізеді. Аудан дамыту бағдарламаны, ауданды әлеуметтік-экономикалық дамытудын жоспарларын орындау барысы үшін мониторингін іске асырады. Бюджетті қалыптастыру процессін жетілдіру және тиісті аумақтағы бюджеттің атқарылуы бойынша жұмысты ұйымдастырады. Коммуналдық меншікке жататын, мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және басқару бойынша жұмыс ұйымдастырады. Бөлімді жалпы басқарады, бөлім мамандарының арасындағы міндеттерді бөледі, бөлім қызметін реттейтін құжаттарды дайындауға қатысады, бөлімде ақшалай қаражатты бірінші бөлуші болып табылады. Шығындар мөлшерлемесін жоспарлауды іске асырады. Жергілікті атқарушы органдарды соттарда ұсынады. Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылайды.
Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да функциялар мен міндеттерді орындайды. «А» блок, 7 грейд.
Конкурс қатысушысына қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық кәсіптік білімі бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару саласында);
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы немесе А-5, В-5, С-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, E-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы басшылық лауазымдарда немесе әскери қызметтегі басшылық лауазымдарда, немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) ұйымдарда басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда;
4) республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде үш жылдан кем емес жұмыс өтілі, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жыл.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні) ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсарады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі тиісті персоналды басқару қызметімен бекітілген.
Конкурсқа қатысушы мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді. Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Санықтау ауданы әкімі аппаратында өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
А-1, В-1, С-1, C-O-1, C-R-1, D-1, D-O-1, D-R-1, E-1, E-R-1, санаттарының лауазымдарына үміттеген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы осы Қағиданың 4- қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтынуақыт беріледі.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының жасы он сегізден кем емес азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) хабарлайды. Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік
лауазымына орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені _____________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналасуға келісім беремін _________________________________________________________ (иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
Мекен жайы: _____________________________________________________
Байланыс телефоны: _______________________________________________
e-mail: ___________________________________________________________
ЖСН: ____________________________________________________________
_________ ___________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 2025 ж.