Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ақмола облысы Сандықтау ауданы Бірлік және Каменск ауылдық округтерінің сайланған әкімдерін тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Ақмола облысы Сандықтау ауданы Бірлік және Каменка ауылдық округтерінің 2025 жылғы «13» шілдеде өткен сайлау қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сандықтау ауданы Дорогинка ауылында тұратын «Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, 1978 жылы туған Қанат Кәрібайұлы Сеңгірбаев Ақмола облысы Сандықтау ауданы Бірлік ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
  2. Ақмола облысы Сандықтау ауданы Балкашино ауылында тұратын, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы Сандықтау аудандық бөлімінің басшысы, 1983 жылы туған Смағұлов Еділ Сағынайұлы Ақмола облысы Сандықтау ауданы Каменск ауылдық округінің әкімі болып тіркесін.
  3. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайланған әкімдердің тіркелгені туралы хабарлама жариялансын.
  4. Тиісті куәлік берілсін.

 

Сандықтау аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
14 июля 2025