Сандықтау аудандық сайлау комиссиясының Бірлік және Каменск ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

 

         2025 жылғы 13 шілдеде екі сайлау округі бойынша Сандықтау ауданы ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау өтті.

         Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Сандықтау ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:

Бірлік сайлау округі

Бірлік ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 656 азамат енгізілді, олардың 571-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 18, «Бәріне қарсы» деген жолда - 23.

Әрбір кандидатқа берілген дауыс саны:

Васильцова Е.И. - 41; Егорова Л.А. - 32; Сеңгірбаев Қ.Қ. - 457.

Бірлік ауылдық округінің әкімі болып 1978 жылы туған, «Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы Сенгірбаев Қанат Кәрібайұлы сайланды, Широков ауылдық округінің Дорогинка ауылында тұрады, AMANAT партиясы ұсынған.

 

Каменск сайлау округі

Каменск ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 808 азамат енгізілді, олардың 551-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 21, «Бәріне қарсы» деген жолда - 56.

 

Әрбір кандидатқа берілген дауыс саны:

Абдуова Е.К. - 68; Жүсіпова Ж.Н. - 51; Смағұлов Е.С. - 355.

Каменск ауылдық округінің әкімі болып,  1983 жылы туған, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының Сандықтау аудандық бөлімінің басшысы Смағұлов Еділ Сағынайұлы сайланды, Балкашино ауылдық округінің Балкашино ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

Дата публикации
14 июля 2025