«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ақмола облысы Сандықтау ауданы Каменск ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды тіркеді:
Абдуова Еркеш Қайыргелдіқызы, 1990 жылы туған, «Сандықтау ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, Сандықтау ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Жүсіпова Жадыра Нұрланқызы, 1992 жылы туған, «Сандықтау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Балкашино ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Смағұлов Еділ Сағынайұлы, 1983 жылы туған, Балкашино ауылында тұрады, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының бөлім басшысы, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.