Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Бірлік ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ақмола облысы Сандықтау ауданы Бірлік ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды тіркеді:

Васильцова Евгения Ивановна, 1973 жылы туған, «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің (кадр қызметінің) басшысы, Максимовка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

Егорова Людмила Анатольевна, 1982 жылы туған, «Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Белгород ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

Сенгірбаев Қанат Кәрбайұлы, 1978 жылы туған, «Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Дорогинка ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған. 

Дата публикации
24 июня 2025