Сандықтау ауданы әкімі аппаратының лауазымды тұлғаларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті

Сандықтау ауданы әкімі аппаратының лауазымды тұлғаларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының

регламенті

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Сандықтау ауданы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламенті Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген және Сандықтау ауданы әкімі аппаратында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау тәртібін реттейді.
  2. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды (бұдан әрі - қабылдау): аудан әкімі, оның орынбасарлары және әкім аппаратының басшысы жүзеге асырады.

 

2-тарау. Аудан әкімі аппаратында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі

 

  1. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауға жазуды қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер күн сайын жұмыс күндері жұмыс уақытында түскі үзіліспен «egov.kz» порталындағы электрондық өтініштер, қағаз форматтағы, оның ішінде қолма-қол түскен өтініштер негізінде немесе жауапты қызметкерге ауызша айту түрінде жүргізеді.
  2. Мәселенің мәні баяндалмаған жеке қабылдау туралы өтініш ол туралы өтініш иесіне хабарланып қараусыз қайтарылады.
  3. Аудан әкімі, оның орынбасарлары және әкім аппаратының басшысы жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауы әкім бекіткен кестеге сәйкес апта сайын жүргізіледі.
  4. Лауазымды тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қабылдау күндері көрсетілген қабылдау кестелері мемлекеттік және орыс тілдерінде қоғамдық қабылдау бөлмелерінің үй-жайларында көзге оңай түсетін жерлерде, сондай-ақ аудан әкімінің ресми сайтында ілінеді.
  5. Аудан әкімінің орынбасарлары және әкім аппаратының басшысы қабылдауды аудан әкімінің тапсырмасы бойынша қабылдау жүргізу күнін көрсете отырып бекітілген кестеден тыс жүзеге асыра алады.
  6. Қабылдау бастаудың алдында, қабылдауға жазу және жеке қабылдау кезінде жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі оның жеке басын куәлендіретін құжатты, ал басқа тұлғалардың атынан өтініш жасаған кезде – олардың мүдделерін білдіру өкілеттігін растайтын құжаттарды көрсетеді.
  7. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 наурыздағы №390-16қ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.

Қажет болған жағдайда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау аудармашының қатысуымен жүргізіледі.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдауға берілген өтініштері, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда оларды қараудың өзге ережелері көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

  1. Қабылдау өтініштердің кезегі тәртібімен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысына қатысушылар, оларға теңестірілген адамдар, барлық санаттағы мүгедектер, жүкті әйелдер, «Алтын Қыран» ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы бар адамдар кезектен тыс қабылданады.
  2. Өтініш берушілердің келісімімен аудан әкімінің, оның орынбасарларының және әкім аппаратының басшысының қабылдауы бейнеконференция байланысы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
  3. Коронавирустың пандемиясына немесе жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты басқа да жағдайларға орай шектеу шаралары қабылданған жағдайда қабылдау тек онлайн режимде жүзеге асырылатын болады.
  4. Қабылдауға:

аудан әкімі және әкімдігінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша;

бұрын қабылданған немесе сол мәселе бойынша өтінішіне жауабы берілген тұлғаларды жазу жүзеге асырылмайды.

  1. Уақытша еңбекке жарамсыздық, қызметтік іссапар және басқа да жағдайлардың себебі бойынша қабылдау жүргізу мүмкін болмаған жағдайда қабылдаушы қабылдауға жауапты қызметкерді жеке қабылдау өткізілгенге дейін хабардар етеді.
  2. Аудан әкімінің қабылдауын өткізу кезінде аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) ауданның атқарушы органдары өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етеді.
  3. Егер көтерілетін мәселе ауданның атқарушы органдарының құзыреті шегінен шыққан жағдайда, онда жеке қабылдауға өтініш білдірген адамнан жазбаша өтініш алынады және тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысының атына жіберіледі.
  4. Қабылдау өтініш берушінің қалауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
  5. Қабылдау барысында Бөлімнің жауапты қызметкері өтініш берушілерге аудан әкімі аппаратының қызметкерлерін шақыра алады немесе тиісті лауазымды тұлғалармен қабылдау уақыты мен орнын келісе алады.
  6. Тапсырмаларды орындаудың нақты мерзімдері көрсетілген қабылдау нәтижелері жеке қабылдау карточкасына енгізіледі.
  7. Азаматтардың қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

3-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау мәселелері бойынша өтініштерді тіркеу және қарау тәртібі

 

  1. Қабылдауға жазылу туралы келіп түскен барлық өтініштерді Бөлімнің жауапты лауазымды адамы «e-Otinish» өтініштерді қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасында тіркейді.
  2. Материалдарды жинағаннан және талдағаннан кейін, әкім аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен Бөлім қабылдау басталғанға дейін 1 (бір) жұмыс күні бұрын әкім аппараты басшысының атына қабылдау күнін тағайындау немесе бас тарту туралы ұсыныспен анықтамалық ақпарат дайындайды.
  3. Қабылданған шешімнің қорытындысы бойынша Бөлім аудан әкімі, оның орынбасарлары және аппарат басшысы қабылдайтын тұлғалардың тізімін қабылдау кестесіне енгізу үшін қалыптастырады.
  4. Бөлімнің жауапты қызметкері бекітілген тізімдерді қабылдау кестесіне кезектілік тәртібімен бөледі.
  5. Бөлімнің уәкілетті қызметкерінің қабылдауды ұйымдастыру үшін, қабылдау өткізу тәжірибесін талдау және қорыту үшін, аудан әкіміне қажетті материалдарды ұсыну туралы талаптары ауданс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері және ауданның атқарушы органдары үшін міндетті болып табылады.

 

4-тарау. Қабылдау қорытындысы бойынша тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру

 

  1. Қабылдау қорытындысы бойынша дайындалған тапсырмаларды бақылауды Бөлім тікелей жүзеге асырады.
  2. Қабылдаудан келіп түскен өтінішті бақылаудан алу үшін өтініш берушіге түпкілікті дәлелді жауап негіз болып табылады.
  3. Өтініш берушінің қабылдау жүргізу кезінде берген өтініштері электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі. Өтініштерге «жеке қабылдаудан» деген белгі қойылады.
  4. Бөлім аудан әкімі аппаратының мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп:

1) азаматтарды қабылдау шеңберінде әкімнің жұмысын ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді;

2) азаматтарды қабылдауға тартылған жауапты лауазымды тұлғалардың қатысуын;

3) өтініш берушімен кері байланысты (қажеттілігіне қарай) қамтамасыз етеді.

  1. Жеке қабылдауды ұйымдастыру мен өткізу нәтижелері туралы аудан әкімін тұрақты негізде (тоқсанына бір реттен кем емес) хабардар ету қажет.
Дата публикации
20 июня 2025