Ақмола облысы Сандықтау ауданының сайлау учаскелерінің шекаралары мен олардың орналасқан жері туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 17 бабының 2 тармағына, 23 бабының 5 тармағына, «Сандықтау ауданының Бірлік ауылдық округінің әкімін кезекті және Каменск ауылдық округінің әкімін кезектен тыс сайлауды тағайындау туралы» Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы  5 маусымдағы № 8/23 қаулысына, Сандықтау ауданы әкімінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 2 шешіміне сәйкес, Сандықтау ауданының сайлау учаскесінің шекарасы, учаскелік сайлау туралы хабарлаймыз.

 

Сандықтау ауданының аумағында сайлау учаскелері

 

№ 620 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Каменка ауылы,

Ыбырай Алтынсарин көшесі, 89, «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Каменка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Шекаралар: Каменка ауылы, Богословка ауылы.

 

№ 622 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Красная поляна ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 33А, «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Красная поляна ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Шекаралар: Красная поляна, Арбузинка, Петриковка ауылдары.

Дата публикации
12 июня 2025