«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес «Сандыктауский край» газетінің редакциясы сайлау алдындағы жұмыс үшін ақпараттық хабарламаның баспа алаңын ұсынады.
Жариялау үшін келісім шарттары 2025 жылдың 22 маусымнан бастап жасалады.
2025 жылдың 10 шілде - үгіт насихат материалдарын жариялаудың соңғы күні.
Газет редакциясы үгіт материалдарын жариялаудың кезегін олардың редакцияға келіп түсуімен байланыстырады. «Сандыктауский край» газетінің жолақтарында үгіт материалдарының орналасқан жерін редакция дербес анықтайды. Үгіт материалдары «Сандыктауский край» газетінде «Сайлау-2025» айдарымен жарияланады.
Әкімге кандидаттарға бір шаршы сантиметр үшін баспа алаңын бергені үшін төлем мөлшері 150 (бір жүз елу) теңгені құрайды..
Ұсынылған сайлау материалдары үшін төлем мөлшері 150 (жүз елу) теңгені құрайды.