Сандықтау ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан жері туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, 17-бабының 2-тармағына, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 04 маусымдағы №8/23 «Сандықтау ауданының Бірлік ауылдық округінің әкімін кезекті сайлауды және Каменск ауылдық округінің әкімін мерзімінен бұрын сайлауды тағайындау туралы» қаулысына, Сандықтау ауданы әкімінің 2017 жылғы 6 маусымдағы №2 «Сандықтау ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне сәйкес Сандықтау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы, Бірлік және Каменск ауылдық округтерінің учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлайды.

 

Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Орналасқан жері: Балкашино ауылы, Абылай хана көшесі, 119, тел: 8 (71640) 9-30-03.

Төраға – Әуезхан Клара Серікбайқызы; төрағаның орынбасары – Жақсыбекова Айнұр Жанайқызы; хатшы - Тасмағамбетова Айбаршын Тлеуғабылқызы; комиссия мүшелері: Айсин Тимур Маратұлы, Найданова Татьяна Ивановна, Черёмухин Артём Сергеевич, Шапарь Светлана Николаевна.

№ 620 учаскелік сайлау комиссиясы

Орналасқан жері: Каменка ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 89, мектеп ғимараты, 8 (71640) 9-62-83.

Шекарасы: Каменка ауылы, Богословка ауылы

Төраға – Сейтжанова Жанна Құжжатқызы, төрағаның орынбасары - Васюнина Светлана Павловна, хатшы - Каирова Мереке Шайховна, комиссия мүшелері: Акулова Ольга Владимировна, Болотина Елена Михайловна.

№ 622 учаскелік сайлау комиссиясы

Орналасқан жері: Красная поляна ауылы, Абая Құнанбаев көшесі, 33А, мектеп ғимараты, 8 (71640) 7-07-24.

Шекарасы: Красная поляна ауылы, Арбузинка ауылы, Петриковка ауылы

Төраға – Абаева Амнат Хасановна, төрағаның орынбасары - Дашаева Палада Беккаевна, хатшы - Успанова Раиса Рамзановна, комиссия мүшелері: Дадаев Исрапил Каримович, Ибаев Ибрагим Ансарович.

 

                                     

Дата публикации
04 июня 2025