Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн төлемақының мөлшерiн белгiлеу туралы

 

 

 

Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн төлемақының мөлшерiн белгiлеу туралы

 

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген) сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері белгіленсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сандықтау ауданының әкім                                                                  С.Құдабай

 

Дата публикации
02 июня 2025