Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ақмола облысы Сандықтау ауданы Васильев және Лесной ауылдық округтерінің сайланған әкімдерін тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Ақмола облысы Сандықтау ауданының  Васильев және Лесной ауылдық округтерінің 2025 жылғы «11» мамырда өткен сайлау комиссияларының қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сандықтау ауданы Васильевка ауылында тұратын «Васильев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, 1973 жылы туған, Азамат Өмірбекұлы Үйсімбаевты Ақмола облысы Сандықтау ауданы Васильев ауылдық округінің әкімі етіп тіркесін.
  2. Ақмола облысы Сандықтау ауданы Балкашино ауылында тұратын «Лесной ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, 1968 жылы туған Нұрлан Төлегенұлы Қасымовты Ақмола облысы Сандықтау ауданы Лесной ауылдық округінің әкімі етіп тіркесін.
  3. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайланған әкімдердің тіркелгені туралы хабарлама жариялансын.
  4. Тиісті куәлік берілсін.

 

Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

2025 жылғы 12 мамыр

 

Дата публикации
12 мая 2025