2025 жылғы 11 мамырда Сандықтау ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы екі сайлау округі бойынша өтті.
Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Сандықтау ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдері сайлауының нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Васильев ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша
Васильев сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 433 азамат енгізілді, олардың 308-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, «Бәріне қарсы» деген жолда - 0.
Әрбір кандидатқа берілген дауыс саны:
А.Ж.Қойбағарова - 22; А.Б.Сейтжанов - 47; А.Ө.Үйсімбаев - 239.
Васильев ауылдық округінің әкімі болып 1973 жылы туған, «Васильев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі Үйсімбаев Азамат Өмірбекұлы сайланды, Васильев ауылдық округінің Васильевка ауылында тұрады, AMANAT партиясы ұсынған.
Лесной ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша
Лесной сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 807 азамат енгізілді, олардың 541-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 11, «Бәріне қарсы» деген жолда - 0.
Әрбір кандидатқа берілген дауыс саны:
А.А.Жүсіпов - 44; Н.Т. Қасымов - 453; Г.Қ.Тайженева - 33.
Лесной ауылдық округінің әкімі болып 1968 жылы туған, «Лесной ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі Қасымов Нұрлан Төлегенұлы сайланды, Балкашин ауылдық округінің Балкашино ауылында тұрады, AMANAT партиясы ұсынған.